Мемлекеттің қарызы қанша?

«Осы жылдың 4 айындағы статистиканы позитивті деп айтуға болады. Деректер бойынша қаңтар-сәуірде ЖІӨ өсімі 1-тоқсандағы 3,0%-дан 3,7%-ға дейін жеделдеді. Өндіру саласы 7,8%-ға және өңдеу өнеркәсібі 6,8%-ға, құрылыс саласы 6,1%-ға, қызмет көрсету саласы 1,9%-ға өсті» деді ол.

Сонымен қатар министр жақсы нәтиже көрсеткен салаларға тоқталды.

«Тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларының ішінде көмір және лигнит 18,9%-ға, мұнай 7,6%-ға, табиғи газ өндірісі 13,2%-ға өскені байқалады. Мұнай өңдеу (9,1%-ға өсу), фармацевтикалық өнімдер (49,7%-ға), бейметалдық минаралды өнімдер (5,0%-ға) металлургия өнімдері (8,2%-ға) және машина жасау өнімдері (3,3%-ға) сияқты өңдеудің негізгі сегменттерінде де оң көрсеткіш тіркелді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім өндірісінің көлемі өзгермей, 2,9% деңгейінде сақталды. Ал азық-түлік өндірісі 5,7%-ға жоғарылады, сусын өндірісінің өсуі 2,6%-ды құрады. Көлік және қоймалау қызметтерін көрсету 3,5 пайызға өсті. Бұл ретте жүк айналымы 5,9 пайызға, жолаушы айналымы 3,2 пайызға ұлғайды» деді басшы.

Алайда, кейбір өндіріс салаларында көрсеткіш төмендеген екен.

«Бұл ретте химия өнеркәсібінде өндірістің азайғаны байқалады. Химия өнімдерінің өндірісі 0,7%-ға төмендеді. Бірінші тоқсанмен салыстырғанда құлдырау ауқымдылығының (-1,2%-ға) қысқарғанын атап өткен жөн. Жалпы, 4 айдың қорытындысы бойынша экономиканың көптеген саласында қарқынды өсім бар» деді ол.

Сондай-ақ Ұлттық экономика министрі мемлекеттің қарызы жөнінде статистикалық деректерді келтірді.

«2017 жылдың 1 мамырына дейінгі ақпаратқа сәйкес мемлекеттің қарызы 12,3 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 24,6%-ын құрайды. Көрсеткіш қауіпсіз әрі басқарылатын деңгейде. Осы жағдайды ескере келе, Елбасы жолдауында көрсетілген макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау міндеті орындалуда» деп түйіндеді сөзін Тимур Сүлейменов.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *