Қостанайда Тарелочка өзеніне түскен жасөспірім тіл тартпай кетті

Бүгін таңертең Қостанай қаласы әуежайының жанындағы Тарелочка өзенінде қайғылы оқиға болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Бүгін сағат 10:30-да жедел жәрдем қызметіне телефон шалынды. Оқиға орнына шыққан медициналық қызметкерлер бригадасы 15 жастағы жасөспірімнің денесін судан алып шыққанша күтті. Оны қарау кезінде реанимациялық іс-шаралар өткізілді. Бірақ, өкінішке қарай, одан нәтиже шыққан жоқ. Жедел жәрдем бригадасы баланың өлімін тіркеді» — деп хабарлады ведомстводан.

Басқарманың берген алдын ала мәліметінше, қаза болған жасөспірім суға секіріп, мойнын сындырған.

 

фото: ашық дереккөз 

 

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *