Рудный тұрғындары тағы да жылусыз қалды

Рудныйда тағы бір коммуналдық апат болды. Жол суға толып, 24 жаңа үй мен 59 жеке тұрғын үй жылусыз қалды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.

Құбыр жарылып, Рудныйдағы Парк көшесі суға толды. 9 ақпанда таңертең жолдың үстінде бу көтерілген. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Ленин-Горняков көшелерінің қиылысында болды.

Сағат 8:30-дағы жағдай бойынша Дзержинскийден Ленинге дейінгі көшелер шекарасында Горняков көшесіндегі жылу трассасының учаскесі жабылды. 24 үй, 59 жеке сектор және 17 заңды тұлға жылусыз қалды, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...