Қостанайда колледж студенті оқу орнына пышақпен келген

Қостанай қаласындағы Жоғары политехникалық колледждің күзетшісі металл іздейтін құралдың көмегімен қалтасына пышақ салып алған студентті ұстады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 

Polisia.kz-тің хабарлауынша, оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы пышақты тәркілеп, 18 жасар студентті полиция басқармасына апарған.

Анықталғанындай, студент басқа колледжде оқиды, бұл оқу орнына іс-шараға келген. Ол ата-анасына үй шаруашылығында көмектескенін айтып, содан кейін пышақтың сырт киімінде қалғанын, заттың салмағы аз болғандықтан, ол туралы ұмытып кеткенін түсіндірді, — деп жазады дереккөз.

Сараптама студенттен табылған пышақ суық қаруға жатпайды деген қорытынды шығарған. Дегенмен, студенттің ата-анасына оқиға туралы баяндалған.

Фото: gesar.pro

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...