Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының саны екі есе өскен

Жыл басынан бері Қостанай облысында жол-көлік оқиғаларының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе өскен, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында мәлім болды. Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі жүргізушілердің төмен тәртібімен байланысты (97%). Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері жергілікті атқарушы органдардың тұрақты назарында болуға тиіс. Алайда жылдан-жылға мына бұзушылықтар қайталанады: жол белгілерінің, жаяу жүргіншілер жолдарының, бағдаршамдардың және жарықтандырудың болмауы.

Қостанай қаласында басты назар аударылуы тиіс. Халық пен автокөлік құралдарының көбі осы жерде шоғырланған. Барлық ЖКО-ның жартысы облыс орталығында болды. Осыған қарамастан, бағдаршамдар мен жол белгілерін ауыстыру әлі жүргізілмеген. Қалада барлығы 30-ға жуық жол белгілері орнатылған, 700-ге жуығыс ауыстырылуы тиіс, — деп атап өтті облыс әкімі.

 

Фото: Сергей МИРОНОВ

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...