ganibet

Мектептер 100 пайыз цифрлық ресурстарға қосылды — Ерлан Сағадиев

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгінгі Үкімет отырысында білім берудің жаңа мазмұнына көшу туралы қазақ және орыс тілінде жасаған баяндамасында оқулықтарды сатып алуға қосымша қаржыны қажет ететін өңірлерді атап көрсетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. «Орта білім беруде жаңартылған мазмұнға көшу бойынша жұмыстар басталып кетті. Бұл бағдарлама Назарбаев Зияткерлік мектебінде, одан кейін 30 пилоттық мектепте апробациядан ...

Толығырақ »

Қостанайдағы Авиационная көшесіне Кәмшат Дөненбаева есімі беріледі

Қостанай қалалық әкімдігінде Қазақ және Авиационная көшелерін ауыстыруға байланысты қоғамдық тыңдау өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Былтыр бастамашыл топ Қостанай қаласындағы екі көшенің атын ауыстыру туралы қала әкімі Базыл Жақыповқа ұсыныс хат жолдаған-ды. Атап айтқанда, Авиационная көшесіне Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева есімін беріп, Қазақ көшесін Әбілсай деп атау ұсынылды. Бүгінгі қоғамдық тыңдауда белгілі ақын Ақылбек Шаяхмет Кәмшат Дөненбаеваның елге ...

Толығырақ »

Мәскеуде қайтыс болған үш азамат Қостанай облысының тұрғындары екен

Мәскеу облысында жүк көлігінің кабинасынан денесі табылған Қазақстан азаматтары туралы жаңа деректер шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2018 жылғы 24 ақпанда Мәскеу облысының Новоселки елді мекенінен мәйіті табылған үш ер адам Қазақстан азаматтары, 1965, 1968 және 1971 жылғы Қостанай облысының тұрғындары болған» деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі. Министрліктегілердің айтуынша, қайтыс болғандардың туыстарына оқиға туралы ...

Толығырақ »

Жаңа бағдарлама оқу үлгерімін екі есе арттырады

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов жалпы мектепте қандай бағдарламалар енгізіліп жатқанын түсіндірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Әрдайым Назарбаев Зияткерлік мектебі бағдарламасына қатысты тоқталғанда, адамдар ол жерде дарынды балалар оқитынын және осы бағдарламаны жалпы мектептерге енгізудің қажеті қанша дегенді айтады. Бұл тұрғыда айтарым, Назарбаев Зияткерлік мектептері бағдарламасы жаңартылған мазмұн аясында дәл сол қалпында жалпы білім беретін ...

Толығырақ »

Тобыл өңірі тұрақты даму үстінде

tobyl-torgai.kz сайты Қостанай облысы әкімдігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Архимед Бегежанұлы Мұхамбетовтің «Облыстың 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистерін жариялайды. Құрметті жерлестер! Біздің Президентіміз 2018 жылғы 10 қаңтардағы өзінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында «экономиканың орташа әлемдік деңгейден жоғары қарқынын және озық 30 елдің қатарына орнықты кіруді қамтамасыз ету» ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 24 бөгет су тасқынына дайын емес

Қостанай облысының әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісінде көктемгі су тасқынына дайындық барысы пысықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюктің айтуынша, өңірдегі су тасқынына қарсы шаралардың жүргізілу барысы мен су нысандарының көктемгі кезеңге әзірлігі тұрақты бақылауда. «Қазіргі уақытта екі мыңнан астам күш құрылымдары мен 826 техника, 83 жүзу құралы, 245 су сорғыш техникасы, жиырма мың тоннадам астам инертті ...

Толығырақ »

Қостанайда 58 жастағы әйел 4-қабаттан құлап кетті

Қостанайда әйел адам 4-қабаттан құлап кетті деп хабарлайды alau.kz. Оқиға 25 ақпанда болған. Бұл мәліметті Қостанай қалалық ауруханасы травмотология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов растады. Бөлім меңгерушісінің айтуынша, 58 жастағы әйел 4-қабаттан құлап кеткен. «Төтенше жағдайдың салдарынан әйел адам бас ми жарақатын алды. Оған ота жасалды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр» деп хабарлады Марал Әбілқасымов. alau.kz

Толығырақ »

Қостанайлық боксшы қарсыласын 1-раундта нокаутқа жіберді

Минскіде өткен кәсіпқой бокс кешінде қостанайлық Жан Кособуцкий өзінің төртінші кездесуіне шықты деп жазады «Біздің Қостанай» газеті. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Кособуцкий бұл жолы украиналық Максим Педюрамен қолғап түйістірді. Педюра кәсіпқой рингке 26 рет шыққан. Осы уақытқа дейін 12 спортшыны нокаутпен жеңді. Минск рингіндегі бәсеке 8 раундқа есептелген. Дегенмен қостанайлық боксшы 1-раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді. Осы жеңісінен соң Жан ...

Толығырақ »

8 ауылға су құрылғылары орнатылады — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысы тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз етуге бюджеттен 6 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтқандай, биыл елді мекендерді сумен жабдықтауға айрықша көңіл бөлінеді. «2017 жылы «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша елді мекендерді сумен қамтуды жақсарту үшін 10 нысан қайта жаңғыртылды. Оған бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінді. ...

Толығырақ »

Қостанайдың 97 елді мекенін су шайып кетуі мүмкін

Қостанайда көктемгі тасқын кезінде 97 елді мекенді су шайып кетуі ықтимал деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Талғат Кәкімов айтқандай, облыста тасқынға қарсы тосқауыл жұмыстарының жоспары жасалып, тиісті органдарға тапсырмалар берілді. «Былтыр Қостанай облысында 58 елді мекен су басу қаупі бар аймақтар санатына кірсе, биыл бұл көрсеткіш 97-ге жетті. Аталған аумақтарды қатаң бақылауға алдық. Жалпы, 40 ...

Толығырақ »