Жекешелендірудің 2016 — 2020 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде Қостанай облысындағы 22 нысан бәсекелес ортаға беріледі. Бұл туралы аппарат мәжілісінде өткен жиында облыстық Қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпова мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес, облыс бойынша 9 нысан сатылды, ал 11-і таратылу процесінде. Ал «Іскер Арқалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жекешелендіруге жататын объектілер тізімінен алынып тасталды. Сондай-ақ ...
Толығырақ »ganibet
Құтты алап — қазақтың құты
Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп жатқан тәуелсіздік дәуірінде солтүстік өңірінде де тарихи жер-су атаулары қалпына келтіріліп жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Патшалық заманда және советтік дәуірде өзгеріске ұшыраған атаулардан арылатын уақыт келді. Алайда, батпандап кірген аурудың мысқалдап шығатыны секілді, атауларды өзгерту немесе тарихи атауларды қайтару әлі де баяу жүріп жатқан секілді. Қазақ даласында осы күні Затобол, Заречный, Притобольский, Приреченский секілді зорлап жапсырылған ...
Толығырақ »Қостанайда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты
Қостанайда 6 наурызда, яғни, кеше «Наурыз» ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Төртінші қабатта орналасқан бір бөлмелі пәтердің балконы өртенді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, балконнан үйге кіретін есік, балкон жабдықтары және үй заттары өртенген. Өрт аумағы — 6 шаршы метр. «Пәтер иесі — 55 жастағы әйел адам құтқарылды. 35 адам эвакуацияланды, ...
Толығырақ »Алдағы төрт күн демалыста ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2018 жылдың 8-12 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. «Қазақстанда мереке және демалыс күндері көктемгі тұрақсыз ауа райы күтіледі. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысы және шығыс өңірлерінде, жаңбыр басым, жауын-шашын, қатты жел, кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, температураның жоғарылауын шақыратын циклон, Каспийдің оңтүстік бөлігінде қалыптаса бастады. Қазақстанның ...
Толығырақ »«Тополек» дүкенін тонады деген күдіктілердің бірі полицияға өзі берілді
Қостанайда дүкенді тонады деген күдіктілердің бірі полицияға өзі берілді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Alau.kz-ке сілтеме жасап. Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 наурызда қала орталығындағы дүкенді тонады деген үшінші күдікті ұсталды. «3 наурызда үшінші күдікті полиция бөлімшесіне келіп, барлығын мойындады. Жасы 23-те. Тергеу жалғасып жатыр» деп хабарлады облыстық ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Еске сала кетейік, осыған дейін екі күдікті ұсталған ...
Толығырақ »Туыстарының көзінше әйелін өлтірген қостанайлыққа қатысты сот үкімі шықты
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі соты 30 жылдан аса уақыт бірге тұрған әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот үкімін шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл оқиға былтыр 23 мамырда шамамен сағат 00.30-да Қостанай ауданы Затобол ауылында болған. Іс-материалдарына қарағанда, ер адам әйеліне төрт рет пышақ салған. Сол сәтте айғайдан басқа бөлмеде жатқан баланың оянып кеткені айтылады. Салдарынан әйелі оқиға орнында ...
Толығырақ »«Куттыалап — ужасное название…»
немесе Қостанай облыстық Ішкі саясат басқармасы кімнің мүддесін көздеп отыр? «Өзің білме, білгеннің тілін алма!» Бұл қалмақ қарғысы деседі, расында бүгін бір жайт осы мақалды еске түсірді. Біздің Тобыл-Торғай өңірі құстың қос қанатындай өлке ғой, облыстың жартысын Торғай өңірі алып жатса, қалған жартысын Тобыл аймағы құрайды. Алайда, Торғай өлкесінде облыс халқының 10 проценті ғана тұрады. Енді ол туралы айтпай-ақ қояйын, ...
Толығырақ »Қостанайда үйлерге QR-кодтар орнатылады
Қостанайда «Smart city» жобасы Цифрландырудың жол картасы бойынша жүзеге асырылады. Бүгінде негізгі 10 бағыт анықталды. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. Биыл «Smart city» жобасы аясында Қостанайдағы көпқабатты үйлер мен әлеуметтік нысандардың ғимараттарына QR-кодтар орнатылады. Тұрғындар аталған кодтар арқылы нысанның тарихын, пошталық индексін біле алады. Сондай-ақ ...
Толығырақ »Студенттер үшін қосымша 20 мың грант бөлініп, 75 мың орындық жатақхана салынады — Елбасы
2018-2019 оқу жылында студенттерге қосымша 20 мың грант бөлінетін болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жұмысты ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында белгіленген бес әлеуметтік бастаманың бірі екенін атады деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Бүгінгі таңда еліміздегі ЖОО-ларда 530 мыңға жуық жас өрен білім алып жатыр. Олардың ішіндегі 30 пайызы мемлекет бөлген грант бойынша оқуда. Жоғары білім беруді қолжетімді әрі сапалы ...
Толығырақ »Аналарымызды аялаған елміз
Аудандық мәслихат депутаты арқалы ақын Ғафу Қайырбековтің туған қарындасы Күләш әжені құттықтап барды Жанкелдин ауданы орталығында арқалы ақын Ғафу Қайырбековтің туған қарындасы Күләш әже тұрады. Жасы сексеннің сеңгіріне шыққан кейуана бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ардақты ана. Немере-шөберелерінің қызықтарына тоймай ғұмыр кешіп келе жаткан ол Жаратқанға шүкіршілік айтуды ұмытпайды. Ардагерлерді ардақтау – ұрпақ парызы. Бұл – бәріміздің ортақ, абыройлы ...
Толығырақ »