–Қуаныш аға, сіздің бал дәурен балалық шығыңыздың қызыққа толы ұмытылмас сәттері теңіз жағалауында өтті ғой. Әңгімемізді бастамас бұрын бір сәтке балалық шағыңызға саяхат жасап өтсеңіз қайтеді? –Балалық шақ дегеніңіз – өмірі таусылмайтын ертегі. Және ескірмейтін, ойға алған сайын түрленіп, жаңара, жасара түсетін, сосын сенің жан-дүниеңді де мөлдір шыққа көметін керемет әлем ғой! Мейлі, қанша жерден классик бола беріңіз, бәрібір ...
Толығырақ »ganibet
Біз білетін Мырзағали
Мен журналистік қадамымды бір кезде әйгілі Көкше өңірінің облыстық газеті болған «Көкшетау правдасынан» бастаған едім. ҚазМУ-дің филология факультетінде оқып жүргенде осы газеттің редакциясында екі айлық тәжірибеден өтіп, журналист болудың қыры мен сырын үйрендім. Оқуды бітірген соң да біраз уақыт осы босағада қызмет істеп, біліктілік жетілдірдім. Сол тұста «Көкшетау правдасының» редакциясында екі Мусин қызмет істеді. Олардың біріншісі Мусин Жанайдар деген жігіт ...
Толығырақ »САЙЛАУ
әңгіме Орман, барлық орман атаулы сияқты, кәдімгі жаңа патша сайлау алдындағы абыр-сабырға, қарбаласқа толы әбігер күй кешіп жатты. Бұл жолғы сайлаудың орны ерекше еді. Бұрын кімді патша тағайындайтынын, не үшін тағайындайтынын, неге Оны тағайындайтынын ешкім ешкімнен сұрап жатпайтын. «Мынау сендердің патшаларың» дейтін жоғарыдан. «Е-е, бопты, елімізге тыныштық, патшамызға қанағат бергей» дейтін ормандағы барлық тіршілік атаулы бірауыздан келісіп. Енді, міне, сұрап қалыпты: ...
Толығырақ »Бағымды ашқан «Бақас-Ө»
Алғашқы саны «Ойнайық та күлейік» деп баяғы бастығымыздың ойланбай қоя салған атауымен оқырман қолына тиген газетіміз әкімді мақтай алмағандықтан өз-өзін ақтай алмай, жабылуға шақ қалып еді. Құдай иіп, «Бақас-Ө» ЖШС-нің қарамағына өтіп, таралымымыз кеңейіп, қуарған бетімізге қан жүгірді. Жаңа басшымыз талапшыл, әкім десе жаны қас, әділдік үшін әкесін әшкерелеуге өкінбейтін адам болып кездесті. Алғашқы «редсоветте» төрт көзіміз түгел отырғанда айтқаны: ...
Толығырақ »Қостанайлықтар неге қуат үнемдегісі келмейді?
Қазір әлем қуат көздерін үнемдеуге көшті. Бұл үрдістен біздің ел де шет қалып жатқан жоқ. Әр аймақта осы бағытта түрлі іс-шаралар атқарылып келеді. Мысалы, Қостанай облысында қуат көздерін үнемдеуге бағытталған кешенді бағдарлама екі жыл бұрын қабылданған. Содан бері көшелерді жарықтандыратын құрылғылардың 28 проценті қуат үнемдегіш шамдарға ауыстырылыпты. Бұл үшін қажетті құрылғылардың жергілікті жерде шығарлығаны екі есе пайдалы екеніне ешкім дау ...
Толығырақ »Қостанай театрының табысы
«Бүгін театрдан жылап қайттық. Тасжүрек қоғам. Тасбауыр ұрпақ. Тастанды ата-ана. Өкініш-запыран, шерге толы дүние. Талауға түскен тағдырлар… Осындай көріністің бәріне Қостанайдағы І.Омаров атындағы драма театрында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметтің «Өкініш» спектаклінің тұсаукесерінде куә болдық. Өте әсерлі. Қойылымның бір ерекшелігі, актерлердің барлығы дерлік жастар болғанмен, анау Қарттар үйіндегі қариялардың рөлін қалай сомдады десеңізші. Режиссері де жас талант – ...
Толығырақ »Шалдан шыққан шатақ пен 40 теңгелік «атақ»
фельетон «Арыстан қартайса тышқан аулайды» дегенді қайран қазекем «бірдеңені білгесін» барып айтқан екен ғой. Ертегіге елітсек, арыстан аңдар арасында, орман ағашында – «патша». «Патша» тышқан аулайтын күйге түскенде, одан «дәрежесі» төмен хайуандар қандай да бір ұсақ әрекетке барып, мазаққа қалып жатса, бәлкім, таңғалудың қажеті де жоқ шығар. Біздің жақта «арыстан» деген атымен жоқ, өйткені, тұрағымыз Орман емес, Тоғай еді. Әйтсе де, ...
Толығырақ »Қасқырдың қолқасына сұғылған қол
«Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген Бір қызық ісім екен сұм жалғанда» деп ұлы Абай айтқан қазақтың аңшылық салт-дәстүрінен асқан ғанибет мен үшін де кездесе қоймайтын сияқты. Бәлкім, бұлай деуіме өзім туып-өскен ауыл аңшыларымен етене араласып, солардың тәжірибесін жас санаға сіңіріп өскендіктен бе, кім білсін?!. Айтқандай, мен он жасымнан бастап көнекөз шалдардың қасында жүріп, аңдардың күз айларындағы жалғыз аяқ соқпағы ...
Толығырақ »Осы жұрт Бірәліні біле ме екен?..
…Батырға да, байға да пана болған Жыланшық – құтты мекен, киелі өңір. Талай тарлан ұлылар қатарында дәулеті асқан байлар да осы өңірден көп шыққан. Себебі, жері малға жайлы, ауасы дертке дауа, жанға шипа, шөбі шүйгін – қыратында қырық түрлі шөп өскен шұрайлы қоныс. Осы ұлы Жыланшық бойында халқына қайырымы мол, қолы ашық, жомарт Бірәлі Бектасұлы мекен еткен. Бұл кісі Қыпшақтын ...
Толығырақ »Сөнбес сәуле
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, сазгер, әнші, «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы Ермұрат Зейіпханұлы жайында 1975 жылдың күзінде мектепті тамамдағаннан кейін, ҚХР ШҰАР Күнес ауданы Телғара ауылындағы мектепте жылға жуық жұмыс істедім. 4-сыныпқа сабақ беріп жүргенімде сыныптағы сүйкімді келген, ақсары бала ерекше көзге түсетін. Ол тек сабак үлгерімімен ғана емес, ...
Толығырақ »