ganibet

Торғайдағы көтеріліске не себеп болды?

1916 жылы қазақ даласындағы ұлт-азаттық көтерiлiстерi­нен кеңестiк тарихта көбiрек жазылғаны –Торғай көтерiлiсi. Қазақ даласының кiндiгi, Алаш қайраткерлерiнiң туған жерi –Тор­ғайдағы көтерiлiстi кеңестiк тарих Амангелдi Иманұлы, iшiн­ара Әлiби Жангелдинмен байланыстырса да, мұның шындығы мүлде басқа. 1915 жылдан бастап елге әлеуметтiк қысым күшейдi. Сол кезде әр шаңырақтан жиналатын салық түрлерi: түтiн салығы – 4 сом 50 тиын, земство салығы –3 сом, болыс салығы –3 сом. Осы мiндеттi үш салықтың ...

Толығырақ »

Кейуананы алдаған кімдер?!

Нұржамал Бозшинаның үй дауымен әуре болып жүргеніне алты жылдан асып барады. 1993 жылы мемлекеттік бағдарламамен берілген, оның өзінде талай табалдырықты тоздырып жүріп әрең алған баспанасын бүгінде басқа біреулер иемдеыніп отыр. Нұржамал апаның айтуынша, үйге иелік еткендердің ісі – заңсыз, жең ұшынан жалғасқан сыбайластық. «Балаларым әкелеріне қарайласып тұрды» Бозшин Сәбитбектің (Нұржамал апаның жұбайы) отбасы 1983 жылға дейін Амангелді ауданының Крупская (қазіргі ...

Толығырақ »

Білім жарысы бізге керек пе?

Білім жарысы Білімді жұрттарда білім жарысы деген болады. Ол жарыста бәйгеге түсе алатындар білімділер, зейінділер. Оларға бәйге тігіп, жарыстыратындар бай адамдар я обществолар. Бәйге тігу, жарыс істеу біздің қазақта да бар. Қазақта бай адамдар я қуаныш нәрсеге той істеп, ат шаптырады, я өлген адамына ас беріп, ат шаптырады. Байлығына қарай, адам-дығына қарай ас пен тойдың үлкені де, кішісі де болады. Барлығы бәйгеге тіккен малынан ...

Толығырақ »

Қазақтар әскерге неге алынбады?

Әлқисса… XV ғасырдың орта кезінде өз алдына отау тігіп, өзге жұрттардан бөлініп шық­қан кезден бастап қазақ халқы жүздеген жылдарға созылған жаугершілік заманды басынан кешірді. Жері мен елінің бос­тан­дығы үшін жан берісіп, жан алысқан ұрыс­тар барысында әлемнің бірде-бір халқында жоқ батырлар институты қалыптасты. Жан-жағынан анталаған жауларға қарсы тұруда қазақтар отбасы, ошақ қасында қалмай, ту астында жинала білді. Ұранға шық­пай, өз үйінде ...

Толығырақ »

Бейімбет МАЙЛИН АЙТ КҮНДЕРІ

– Айт құтты болсын! – Айтсын, жақсылығы бірге болсын! – Жыл он екі айда бір келген жарықтық «айт» қой, бұл күнді көрген де бар шығар, көрмеген де бар шығар… I Сәске түс. Желсіз тынық ыстық. Азғана мал ауылдың қорасында көлеңке сайын топтанып, көбі салған түтінге ықтасында тұр… ызыңдаған маса, сона, шіркей есінді таңдырғандай… Ауылдың адамының бәрі қыбырлап, ерсілі-қарсылы кезіп жүр. ...

Толығырақ »

Қоспаймын өтірік сөз арасына…

Файзолла ақын және Алаш қайраткерлері Қазақ әдебиетінің тарихындағы ақтаңдақ беттердің бірі – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Торғай өңірінде қалыптасқан ақындық мектеп. Өзіндік дәстүр ерекшеліктері бар бұл ақындық мектеп өкілдерінің шығармашылығы жөнінде кеңес заманында сөз қозғау өте қиын болды. Олардың шығармалары ел арасында жасырын түрде ғана айтылып жүрді. Мұның себебі – бұл ақындық мектептің ұстаздары Уақ Жұмабай ...

Толығырақ »

Қыпшақ Сейітқұл қазасы кімнен болды?

(Қыпшақ Сейітқұл бабамыз дәл осы Қабырға өзенінің бойына егін салған) Халықты отырықшылыққа, егін салуға  насихаттайтын Ыбырайдың “Қыпшақ Сейітқұлы” әңгіме емес, очерк екені талай айтылып та, жазылып та жүр. Сейітқұл Маманұлы өмірде болған адам. Ол 1770 жылы туып, 1830 жылы кісі қолынан қаза тапқан. Очеркте айтылғандай, руы – қыпшақ, қыпшақтың ішінде Торы, Торының ішінде Қитаба. Маманның он баласының ақылдысы да, еңбекқоры ...

Толығырақ »

БІЛГІШБЕК

Мына әңгіме қазақтың төл әдебиетіне үлес қосатын тамаша дүние! Біз оқушы болған кезде «Батыр бала Болатбек» деген әңгіме болған. Барлық оқушы әлгіні жаттап айтатын едік. Өйтпесең «2» деген баға дайын еді. Қазір жадымызда қалмапты. Мына «Білгішбек» — өзіміздің батырымыз. Ғанибет тамаша жазыпты. Сюжет құрылымы, тілі, бәрі тамаша. Бұндай шығарма тәуелсіз елдің балаларына өте керек. Шынайы әрі ұқыпты жазылған. Ғанибет бауырымыздың ...

Толығырақ »

Өлең кестесін келістірген ақын

Мен алғаш рет Кеңшілікпен бес-алты жасымда танысқан едім. Содан достасып кеттік. Дос болғанда қандай, ауылдағы он бес шақты баланың таңертеңнен кешке дейін бас қосатын жеріміз де бір, ойнайтын жеріміз де бір болатын. Кеңшіліктің әкесі Ағытай мен шешесі Мәр­күлдің сол кездері әрі кетсе отыздан ғана асқан кезі. Ағытай соғыс кезінде басынан жа­раланып келген, көп үндемейтін кісі еді. Кеңшіліктің сөзшеңдігі, арсалаңдап тұратын ...

Толығырақ »

Жол үстіндегі екінші әңгіме-3

Аудан орталығы ажарын түзеген. «Біткен іске мінші» болмайық дей жүрсек те көңіл алаң, бала кездегі көз үйренген кеніштерді іздейді. Бұрын Торғайдың көшелері атқан оқтай түзу келетін, қазір көшелер қисық-қисық. Баяғы Пионер көшесі бөлініп қалыпты. Көшенің нақ ортасында мешіт тұрғызылған. Құрылыс мектебі дейтіннің орнына кафе салыныпты, ескі клуб үйі бұзылған, бұрын сол орынды саудагер Якушевтің дүкені деуші еді. Ыбырай мектебінің жаңа ...

Толығырақ »