ganibet

Қостанайды су басу қаупі бар!

Қостанайдың шетіндегі саяжайлар мен 90-нан астам үйді, қала маңындағы он шақты елді мекенді су басып кету қаупі бар. Мамандар осылай деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Бүгінде облыс орталығында көктемгі су тасқынына дайындық басталып та кетті. Қазіргі сәтте 9 жерден полигон ашылып, қала ішіндегі қар сыртқа тасылып жатыр. Апат төне қалған жағдайда адамдарды эвакуациялайтын орындар да әзірленуде. Биыл Қостанайда қар жылдағыдан 4 ...

Толығырақ »

Иттермен «дос» болған студент

Егер ресейлік танымал жоғары оқу орны экономист мамандығын оқуға тегін грант беріп тұрса, сіз одан бас тартып, аудандық ауыл шаруашылығы колледжінің ветеринария бөліміне студент болуды таңдар ма едіңіз? Көбіміздің алғашқысына бүйрегіміз бұрары анық. Ал біздің кейіпкеріміз Әлішер Сапашов университеттен түбегейлі бас тартып, мал дәрігері болуды мақсат тұтты. Қазақ «жеті қазынаның» біріне балайтын итке деген қызығушылық Әлішерге осындай таңдау жасатты. Әлішердің ...

Толығырақ »

Кісілік пен кішілік

Академик Өмірзақ Сұлтанғазиннің туғанына – 80 жыл   Есімі әлемге танымал ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, жерлесіміз Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің туғанына 80 жыл толды.  Арыс еді Өмекең Ол 1936 жылы Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Қараоба ауылында туған еді. Алақандай ауылда туған бала өсе келе әлемге танылды. Оның еңбек жолын көктей шолып көрейікші. Қазақ мемлекеттік университетінің ...

Толығырақ »

Кенжебектің күнделігі-2

18 қыркүйек Бүгін сыныптасым Саматпен төбелесіп қала жаздадым. Бірақ сабыр сақтап, өз-өзімді салмақты ұстадым. Өзім ауылдан жақында ғана келдім ғой?! Ол да біреуді мазақ қылмаса тұра алмайды-ау, тұра алмайды. Маған «Солақай, солақай, ұялсаңшы, балақай» деп өзінше ұйқастырып, әбден зықымды шығарды. Енді «шыдамның да шегі бар» демей ме?! Содан оған «мен солақай болсам, сен шошқасың!» деп айтып салдым. Балалар ду күлді. ...

Толығырақ »

Моншақтан мүсін жасайды

«Моншақтан мүсін жасайтын шебер Рудный қаласында тұрады. Оның қолынан шыққан кәдесыйлар еріксіз таңдай қақтырады әрі кеншілер кентінде кеңінен сұранысқа ие» деген хабар құлаққа тиісімен қолөнершіні іздей бастадық. Қостанай облысы үшін таңсық өнерді өрістеткен Бақтыбай Кенжеғұловты табу қиынға түскен жоқ. Телефонмен тілдесіп, іле кездесу күнін белгіледік. Бәкең ісмерлігімен қоса айтары бар, байыпты жан болып шықты. «Мұқтаждық мың өнердің анасы», Бақтыбай Кенжеғұловтың ...

Толығырақ »

Торғайлық өнерпаз ғарышкерге ән шырқап берді

Торғайлық өнерпаз ғарышкерге ғаламтор арқылы ән салып берді. Халық қаһарманы Айдын Айымбетов бейсенбі және жұма күндері астықты аймақ – Қостанай облысына барды. Сапары барысында ғарышкер тығыз жұмыс кестесіне қарамастан телекөпір арқылы торғайлықтармен тілдесуге уақыт тапты. Аға буын, жас ұрпақпен ой бөлісіп, пікір алмасты. Ғаламтор арқылы өткен кездесуде Жанкелдин аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетұлы аудан тұрғындарының атынан ақ тілегін жолдап, ...

Толығырақ »

Кенжебектің күнделігі

Менің кешкісін күнде, тамақтанып болған соң, бой жазып қайту үшін аулаға шығатын әдетім бар. Сол әдетпен ауланы әрлі-бері кезіп, енді орындыққа отыра бергенімде, қоңыр түсті дәптер көзіме оттай басылды. Қағаз «кеміріп» үйреніп қалғандықтан ба, әлгі дәптерге еріксіз қол создым. Қолға алған соң, ішін ашып парақтайсың ғой?! Мен де сөйттім. Дәптер мұқабасына маржандай әріптермен «Күнделік. Иесі – Кенжебек Бекасылов, 8 «А» ...

Толығырақ »

Қобыланды қорымынан табылған қанжар қайда?!

Қазақ даласында Қарақыпшақ Қобыланды батыр есімімен аталып келе жатқан екі мазар бар. Бұл тарихи көне ескерткіштер «Қобыланды күмбезі» деп аталады. Біреуі Орталық Қазақстандағы Сарысу өзенінің бойында тұр. Қазақ даласында белгілі бір тарихи тұлғаның есімімен аталатын жерлер, бейіттер баршылық. Сондай-ақ, бір есіммен аталатын би, сері, батырлар жөніндегі деректер де аз емес. Оның бәрін жалғыз тұлғаға телуге болмайтынына өмір сүрген уақыты мен ...

Толығырақ »

Санкциялар салқыны бізге де тиіп жатыр…

АҚШ бастап, Еуропа елдері қостап, әлемнің  40-қа  таяу елінің солтүстік көршімізге салған санкцияларына, міне, 2 жыл толды. Осыған орай «сол санкциялар бізге не берді, неден ұттық, қай жерден ұтылдық?» деген заңды сұрақтар туатыны белгілі… Бәрін басынан бастасақ: 2014 жылы Қырымда «Зеленые человечки» немесе «Добрые люди» деген атауы бар белгілі Ресей құрылымдық күштерінің арнайы жасағы «бір кісілердің» тапсырмасы бойынша Қырымның ірі ...

Толығырақ »

Қостан ба? Қос тін бе? Қос Тана ма?..

Қостанай қаласы атауының шығуы жайлы түрлі аңыз-әңгімелер көп. Солардың бірі – Тобыл жағалауында Қос және Тана есімді егіз қыздың өмір сүргені туралы хикая. Бұл туралы жергілікті ақын Асылбек Шаяхметтің 1996 жылы Қостанай қаласынан шыққан «Пирамида» атты кітабында жазылды. Осыған орай, қаланың кіреберіс қақпасына аңызға арқау болған егіз қыздың мүсіні де орнатылған. Бірақ, Ақылбек ақын өз кітабында былай деп жазған: «Қостанай – ежелден ...

Толығырақ »