Таспа

Tag Archives: Арқалық

1 қазанға дейін тұрғын үйлерге жылу беруді талап етеміз! — Арқалық қаласының тұрғындары

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке! Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішевке! Елдегі тараған індеттің алдын алу мақсатында биылғы жылу беру маусымын 2020 жылдың 1 қазанына дейін тұрғын үйлерге беруді талап етеміз. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2 бөлімі 29/1-бабына сәйкес әр азамат өзінің денсаулығын сақтауға құқылы. Жыл сайын жылу маусымы ресми түрде қазан айының 1-не делінеді, бірақ тұрғын үйлерге жеткенше 25 қазан болады. ...

Толығырақ »

Құс тұмауы: Қостанай облысының үш ауылы карантинге жабылды

Қостанай облысының үш ауылында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді. Оны облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиев растады деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сарыкөл ауданының Маяк ауылы, Ұзынкөл ауданының Сокол және Меңдіқара ауданының Красная Пресня ауылдары 21 күнге карантинге жабылды. Бұл ауылдарда құс тұмауы тіркелді. Барлығы 400-ге жуық құс қырылып қалды. Өлген құстардың бәрі арнайы орындарда өртеледі. Қазір мамандар тиісті шаралар жүргізіп жатыр. ...

Толығырақ »

Биыл Торғай боксит кен басқармасы жұмысын тоқтатады. Кеншілердің жағдайы не болмақ?

Иен даладан қала тұрғызуға себепкер болған Торғай боксит кен басқармасы пайдалы қазбаның бітуіне байланысты жұмысын 2021 жылдың аяғына дейін толықтай тәмамдайтыны айтылып келген болатын. Алайда, пандемиядан кейін күрт нашарлаған әлемдік экономикалық ахуалдың кесірінен кәсіпорын өз қызметін жоспарланғандай келер жылы емес, биыл аяқтамақ. Ал осында еңбек етіп, нәпақасын тауып келген 500 адамның болашағы қалай болмақ?! Бұл туралы Арқалық қаласы әкімдігінің facebook-парақшасында ...

Толығырақ »

Арқалықта 5 жасар қыз 5-қабаттан құлап кеткен

Арқалықта үйдің 5-қабатынан 5 жасар қыз бала құлап кетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Оқиға 31 тамыз күні болды. Сағат 13:30 шамасында Арқалық қаласында Маясов көшесіндегі тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2015 жылы туған қыз құлап кетті. Ол терезеге шығып, москит торын ұстап тұрған. Бұл уақытта баланың ата-анасы көрші бөлмеде жүрген. Алған жарақаты салдарынан бала қалалық аурухананың ...

Толығырақ »

«Жағдай нашар»: Азат Перуашев Арқалыққа барған сапары туралы айтты

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алаңында өткен онлайн конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракция жетекшісі Азат Перуашев жақында Арқалық өңірінде болып, сондағы дәрі-дәрмекке қатысты жағдаймен танысып қайтқанын айтты деп хабарлайды baq.kz. «Қазір коронавирус індетінен күнделікті азаматтарымыздың  қайтыс болып жатқанын естіп, көріп отырмыз. Осы себепті өткен аптада Арқалық өңіріне барып, сол жақтағы азаматтармен кездесіп, елді ...

Толығырақ »

Арқалықта қайтыс болғандар 5 литрлік арақтан уланған

Қостанай және Ақмола облыстарында 15 адам қолдан жасалған алкогольден уланып, қайтыс болды. Бұл туралы tobyl-torgai.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Қостанай облысының Арқалық қаласында 3-4 шілде күндері «этанолдың уытты әсері» диагнозымен 13 адам жансақтау бөліміне жеткізіліп, кейін олардың 11-і қайтыс болған. Осы уақытта Ақмола облысы Жақсы ауданының Жаңа-Қима кентінде 4 адам көз жұмған. Өлімнің болжамды себебі — жалпы ...

Толығырақ »

Тәуелсіздіктен де жақсылық көрмеген Торғай еліне Алла жар болсын

Алақандай Арқалықтан бейресми деректер бойынша бүгіндікке 18 адам қайтыс болыпты, сенбейін десем, тек өзім танитын 6-7 кісінің қазасын естіп отырмын. Бұл туралы белгілі айтыскер ақын, ғалым Айбек Қалиев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сондай-ақ ол қала тұрғындары дәрі-дәрмек таба алмай, сандалып жүргенін жеткізді. «Тіске басар таблетка таппаған жұрт тентіреп кетті, ақыр аяғы Аллаға аян! Не ақ патшадан, не ...

Толығырақ »

Арқалықта «Домбыра» композициясы пайда болды

Қостанай облысының Арқалық қаласында «Домбыра» композициясының ашылу рәсімі өтті деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz. Бұл жоба «Рухани қазына» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қолға алынды. Мүсіннің биіктігі – 3 метр, тұғыры – 70 см. Қаңқасы темірден жасалып, сырты синтетикалық материалмен қапталған. Құны 950 мың теңге болатын мүсіннің авторы Амангелді ауданының жас кәсіпкері Жасұлан Нұрбаев. Мүсіннің лентасын қию құрметі мәдениет қайраткерлері ...

Толығырақ »

Комиссия қорытындысы: Арқалықтағы кейуананың өлімі коронавирустан болмаған

Қостанай облысының Арқалық қаласында қайтыс болған науқастың өлімі коронавирустан болған жоқ. Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайларын зерттеу жөніндегі комиссия тұжырымында осылай делінген деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетейік, Арқалық қаласында коронавирус анықталған 84 жастағы кейуана өз үйінде көз жұмған болатын. Сoronavirus2020.kz сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 27 сәуір күні науқастың өлімі коронавирустан не басқа сырқаттан болғанын анықтау үшін комиссия өткізілді. «Зерттелген медициналық құжаттамаға ...

Толығырақ »

Арқалықтық бойжеткенді 14 жігіт зорламаған болып шықты

Қостанай облыстық Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов Арқалық қаласындағы қыз зорлау ісіне қатысты мән-жайды айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Іс материалдарында көрсетілгендей, 2018 жылдың 19 сәуірінде Арқалық қаласы Екідің ауылының 22 жастағы тұрғыны өзін 14 адамның зорлағанын, кейін жүкті болып қалғанын айтып, полицияға арыз жазған. Бірнеше күннен кейін ол белгілі адвокат Айман Омароваға хат жолдаған. Жәбірленуші өзіне ...

Толығырақ »