Tag Archives: Арқалық

«Науқасты көлік шанағымен сүйреген»: Арқалық қаланың қарын күрей алмай отыр

Қостанай облысы Арқалық қаласының Олимпийский ауылында бір кісі ауырып, жедел жәрдем шақыртқан. Алайда қалың қардың тазаланбауынан дәрігерлер үйге жете алмай, осылайша, көлік шанағына салып апарған, деп хабарлады paryz.kz. Әлеуметтік желі белсендісі Дәулет Серікбайдың жазуынша, бұл елді мекен Арқалықтан шалғай емес, қалаға қосылып жатқан ауыл. Бірақ соған қарамастан қыс бойы қарды дұрыс тазартпаған. «Водстрой, Ақбидай, Олимпиский сияқты ауылдардың көшелерін қардан тазартпайтынын, көшелерінде бір түйір асфальт жоқтығын жақсы білемін. Көктемде езілген ...

Толығырақ »

Малын іздеуге шыққан Арқалық тұрғыны адасып кеткен

Аязды күні мал іздеуге шыққан Арқалық қаласының тұрғыны адасып кеткен, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  57 жастағы Арқалық қаласына қарасты Аққошқар ауылының тұрғыны Жарқынбек Сүлеймен полицейлер мен ТЖ бөлімінің қызметкерлеріне алғыс хат жолдады. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары қиын сәтте көмекке келіп, өмірін аман сақтап қалған. «Жарқынбек Сүлеймен «снегоходын» мініп, жоғалып кеткен малын іздеуге Жезқазған қаласына қарай ...

Толығырақ »

Арқалықта ПТР-зертханасы ашылды

Арқалық өңірлік ауруханасынан жұқпалы індеттің белгілерін анықтайтын ПТР-зертхана ашылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыс әкімдігі жанындағы жедел штабқа сілтеме жасап. Жаңа зертхананың жұмысын Арқалық қаласының орталық ауруханасы жүйелеп отырады. Жаңа зертхананың көмегімен енді дәрігерлер КВИ сынақ нәтижелерін қысқа мерзімде анықтайды. «Өткен жыл Арқалық қаласы үшін де оңайға тиген жоқ. Әсіресе, жаз айларында бізге сырқаттардың диагнозын анықтау өте қиынға соқты. Өйткені, науқастардан ...

Толығырақ »

Торғынбек Әміров, боксшы: «Жеңісімді Торғай жұртына арнаймын»

MTK Global промоутер компаниясының алтын келісімшартын жеңіп алған боксшы Торғынбек Әміров ҚазАқпарат тілшісімен сұхбатында жекпе-жектері туралы айтып, жоспарларымен бөлісті. Күні кеше Алматыда қазақстандық боксшылар танымал MTK Global промоутер компаниясының алтын келісімшартын жеңіп алу үшін өзара бақ сынасты. Турнирде алғашқы жеңісті Торғынбек Әміров (3-0, 0 КО) қанжығасына байлады. Ол төрешілер шешімімен Әлімжан Тұрсыновтан басым түсті. Торғынбек Әміров келісімшарттан бөлек, екі чемпиондық ...

Толығырақ »

Арқалықта барлық нысан жылыту маусымына дайын — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Арқалық қаласына барды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz аймақ басшысының instagram парақшасына сілтеме жасап. «Алдымен қуаттылығы 7500 бас мал болатын мал шаруашылығы кешенінің құрылыс барысын қарап шықтым. Жобаның жалпы құны 3,5 млрд теңге. Нысан 2-кезеңде пайдалануға беріледі. 2021 жылғы ақпанда бордақылау алаңы, ал 2021 жылғы қыркүйекте репродуктор енгізіледі» деп жазды әкім. Архимед Бегежанұлы бұдан әрі ЖЭО «Арқалық ...

Толығырақ »

1 қазанға дейін тұрғын үйлерге жылу беруді талап етеміз! — Арқалық қаласының тұрғындары

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовке! Арқалық қаласының әкімі Қайрат Әбішевке! Елдегі тараған індеттің алдын алу мақсатында биылғы жылу беру маусымын 2020 жылдың 1 қазанына дейін тұрғын үйлерге беруді талап етеміз. Қазақстан Республикасының Конституциясының 2 бөлімі 29/1-бабына сәйкес әр азамат өзінің денсаулығын сақтауға құқылы. Жыл сайын жылу маусымы ресми түрде қазан айының 1-не делінеді, бірақ тұрғын үйлерге жеткенше 25 қазан болады. ...

Толығырақ »

Құс тұмауы: Қостанай облысының үш ауылы карантинге жабылды

Қостанай облысының үш ауылында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді. Оны облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиев растады деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сарыкөл ауданының Маяк ауылы, Ұзынкөл ауданының Сокол және Меңдіқара ауданының Красная Пресня ауылдары 21 күнге карантинге жабылды. Бұл ауылдарда құс тұмауы тіркелді. Барлығы 400-ге жуық құс қырылып қалды. Өлген құстардың бәрі арнайы орындарда өртеледі. Қазір мамандар тиісті шаралар жүргізіп жатыр. ...

Толығырақ »

Биыл Торғай боксит кен басқармасы жұмысын тоқтатады. Кеншілердің жағдайы не болмақ?

Иен даладан қала тұрғызуға себепкер болған Торғай боксит кен басқармасы пайдалы қазбаның бітуіне байланысты жұмысын 2021 жылдың аяғына дейін толықтай тәмамдайтыны айтылып келген болатын. Алайда, пандемиядан кейін күрт нашарлаған әлемдік экономикалық ахуалдың кесірінен кәсіпорын өз қызметін жоспарланғандай келер жылы емес, биыл аяқтамақ. Ал осында еңбек етіп, нәпақасын тауып келген 500 адамның болашағы қалай болмақ?! Бұл туралы Арқалық қаласы әкімдігінің facebook-парақшасында ...

Толығырақ »

Арқалықта 5 жасар қыз 5-қабаттан құлап кеткен

Арқалықта үйдің 5-қабатынан 5 жасар қыз бала құлап кетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Оқиға 31 тамыз күні болды. Сағат 13:30 шамасында Арқалық қаласында Маясов көшесіндегі тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2015 жылы туған қыз құлап кетті. Ол терезеге шығып, москит торын ұстап тұрған. Бұл уақытта баланың ата-анасы көрші бөлмеде жүрген. Алған жарақаты салдарынан бала қалалық аурухананың ...

Толығырақ »

«Жағдай нашар»: Азат Перуашев Арқалыққа барған сапары туралы айтты

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алаңында өткен онлайн конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракция жетекшісі Азат Перуашев жақында Арқалық өңірінде болып, сондағы дәрі-дәрмекке қатысты жағдаймен танысып қайтқанын айтты деп хабарлайды baq.kz. «Қазір коронавирус індетінен күнделікті азаматтарымыздың  қайтыс болып жатқанын естіп, көріп отырмыз. Осы себепті өткен аптада Арқалық өңіріне барып, сол жақтағы азаматтармен кездесіп, елді ...

Толығырақ »