Таспа

Tag Archives: әкім

Құмар Ақсақалов Қостанай облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Құмар Іргебайұлын облыс активіне Премьер-министр Әлихан Смайлов таныстырды. Ақсақалов Құмар Іргебайұлы 1965 жылы Қостанай облысында туған. 1987 жылы  В.П.Горячкин атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы өндірісінің инженерлері институтын тәмамдаған. 1987-1989 ж.ж. — Қостанай облысы Урицкий ауданы «Крыловский» кеңшарының бас инженері. 1989-1991 ж.ж. — ...

Толығырақ »

Рудный әкімнің орынбасары «cұмырай» деген сөзі үшін жұмыстан кетуі мүмкін

Рудный қаласы әкімінің орынбасары Әнуар Есқатовты әкімдік қызметкеріне айтқан балағат сөздері үшін қызметінен босату ұсынылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz Stan.kz агенттігіне сілтеме жасап. Балағат сөздер әкімдік ғимаратын күтіп ұстауға жауапты комендант әйелге айтылған. Әкімдікте кіру және шығуды қадағалау үшін арнайы рұқсат қағаз арқылы өтетін бақылау жүйесі орнатылған. Дереккөздің хабарлауынша, қала әкімінің орынбасары бұл бақылау жүйесін айналып өткен. 28 қыркүйекте де ол бақылау жүйесін ...

Толығырақ »

«Мұғалімдерді итше жұмсайды»: қостанайлық мектеп қызметкері әкімдіктің тапсырмасына шағымданды (ВИДЕО)

Қостанай облысының әкімдігі мектеп жұмысшыларының күшімен жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті. Бұл туралы мектеп қызметкерінің әлеуметтік желіге жүктеген видеосынан белгілі болды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.   Видео авторы қалалық білім басқарасының мектеп жұмысшыларын жүк тасуға жегіп қойғанын айтып, наразылығын білдірді. Бізді қазір қалалық білім басқармасы шақырып алды. Бізді қоймаға әкеліп, «бұл облыс әкімінің тапсырмасы» дейді. Түсініп жатырсыздар ғой, Қазақстанда мұғалімдерді, ...

Толығырақ »

«Ақшалай берілмейді»: Аманқарағайда қора-қопсысы өртенгендерге тақтай мен шеге жеткізілген (ВИДЕО)

Аманқарағай мен Озерный ауылында өрттен үйі аман қалып, бірақ қора-қопсысы бүлінген жұртқа материалдық көмек беріледі. Бұл жайында «Сұрау бар» YouTube арнасы әзірлеген «Өрттен кейінгі өмір. Әулиекөл» атты деректі фильмде Аманқарағай ауылдық округінің әкімі Байтемір Исмайыл айтты, деп хабарлайды halyq-uni.kz.  Біздің ауыл – Аманқарағайда 85 үй жанып кетті. Озерныйда 6 үй. Барлығы – 91. Әулиекөлде 91 үй салынып жатыр. Жұрттың барлығы сонда ...

Толығырақ »

Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды

Қостанай қаласы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Жүндібаев Марат Қонысбайұлы Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  М. Қ Жүндібаев Қостанай ауданы Новоселов ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар. 20 жылдан астам Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болды, сондай-ақ Президент ...

Толығырақ »

Жангелдин ауданының тұрғындары ауыл әкімдерін сайлап жатыр

Қостанай облысының Жангелдин ауданында екі ауылдық округ пен төрт ауылда сайлау өтіп жатыр деп хабарлайды BAQ.KZ. Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сағат 7-9 аралығында елуге тарта адам дауыс берген. Бұл – барлық сайлаушылардың шамамен төрттен бірі. Таңғы сағат алтыдан бері учаскедеміз. Ауыл тұрғындарының белсенділігі жаман емес. Малын өріске жіберіп, шаруасын ыңғайлап келіп жатыр, — дейді №294 Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының ...

Толығырақ »

«Үкімет қаулысы заңсыз»: Қостанай әкімі наразылыққа шыққандармен кездесті

Қостанайдың Жеңіс саябағында ондаған адам наразылық акциясына жиналды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.  Олар мәжбүрлі вакцинацияны алып тастауды, кәсіпкерлерді айыппұлдармен жазалауға тыйым салуды, сондай-ақ, вакцина алмаған адамдарға ПТР-тестілеуді тегін жасауды талап етті. Тағы оқи отырыңыз: Қостанайда «мәжбүрлі вакциналауға қарсы» митингіге шақырған ер адам қамауға алынды Үкімет қаулысы заңсыз, өйткені ол менің конституциялық құқықтарымды бұзады. Мен ауылдан келдім. Акция ...

Толығырақ »

Мұхамбетов: әкім мен орынбасарлар халықтың вакцина салдырмағаны үшін жазаланады (ВИДЕО)

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жедел штаб отырысында қала және аудан басшыларын коронавирусқа қарсы вакцинацияның төмен қарқыны үшін сынға алды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, «Алау» басылымына сілтеме жасап. Мұхамбетовтың айтуынша, халықты вакцинациялау бойынша ең төмен көрсеткіш Қостанай, Лисаков, Рудный және Жітіқара қалаларында анықталған. «Рудный, Лисаков және Жітіқара ауданының әкімдері осы мәселе бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылуына байланысты, бүгін  шешім қабылдаймыз және Қостанай қаласы әкімінің вакцинация ...

Толығырақ »

Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтеді?

Биыл шілде айының соңғы 10 күні ішінде ауыл әкімдерін сайлауы өтуі тиіс деп хабарлады tobyl-torgai.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратына қарағанда, сайлау 2021 жылдың тамыз айынан бастап өкілеттігі аяқталатын әкімдерге қатысты болады. Бұл ретте сайлау 40 күн бұрын жарияланады. Ал сайлаудың өзі іс басындағы әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 10 күн бұрын өтеді. «Осылайша, алғашқы тікелей сайлау осы ...

Толығырақ »

Ашық хат: «Алло, Ахметов мырза! Сіз неге үндемейсіз?..»

«Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз тіркесі қазір жиі айтылады,  баспасөз бетінде де көп қолданылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та әкімдерге «сендер халықтан жоғары емессіңдер, халыққа қалтқысыз қызмет етіңдер» деп ескертіп отырады. Бірақ осыны ескеретін де, тіпті ескермек түгіл, халықтың ұсыныс-тілегін, айтқан орынды пікірін қаперге алмайтын әкімдер де жетіп-артылады. Соның бірі – Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов. Бұған дейін Федоров ...

Толығырақ »