Tag Archives: Алмасбек Әбсадық

Батырдың сырттаны — Шақшақ Жәнібек

Шақшақ Жәнібек — ХҮІІІ ғасырдағы қазақ тарихында көрнекті қызмет атқарған тұлға. Оның жаужүрек батырлығын, рубасы би ретіндегі басшылығын, ел тағдыры мен мемлекет мүддесін қорғаған дипломатиялық қызметін қазақ жұртының тыныс-тіршілігіне ерекше екпін қосқан елшілдік қызмет болды деп айтуға толық негіз бар. Даланың ауызша тарихы Шақшақ Жәнібектің ерлік істері Әз-Тәуке ханның билігі тұсынан басталған деп аңыздайды. Бұл тұста Жоңғар империясының әскери-феодалдық мемлекет ...

Толығырақ »

Асан Қайғы жырау

Шығысында Алтай таулары мен батысындағы Балқан түбегі арасындағы кең байтақ Ұлы Даланы жайлаған түркі халықтарының тарихи жадында Асан Қайғы – елшілдік мұратты байрақ еткен даңқты тұлға. Аңыздық тұлғаның туған, қайтқан жылдары, қай рудан тарайтындығы белгісіз. Халық жыр-аңыздарында Асанның әкесі саятшы Сәбит, шешесі Салиха, әйелінің аты Күлжазира, баласы Абат батыр деген баяндаулар кездеседі. Асан Қайғының туған жері — Алтын Орданың орталығы, ...

Толығырақ »

Көнеден күмбірлеген Қорқыт Ата

Қорқыт ата – бүкіл түркі халықтарына ортақ тұлға. Оның есімі исі түркі халықтарының жадында, рухани  танымында үлкен құрметпен сақталып жеткен. Түркі рухани кеңестігінде ол бақсылық өнердің пірі, күйші, қобыз аспабын жасаушы, сәуегей ойшыл жырау, даналық сөз үлгісін қалдырған тұлға болып танылады. Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі – Х ғасырдың басында Сырдария бойында бой көтерген Оғыз мемлекеті. Астанасы Сырдарияның Аралға құяр ...

Толығырақ »