Tag Archives: Пойыз

Астана-Жітіқара пойызы іске қосылады

Биылғы 3 қыркүйектен бастап Астанадан Жітіқара қаласына пойыз қатынайтын болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ақпаратты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратты. 3 қыркүйектен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Жітіқара» жаңа теміржол жолаушылар қатынасын іске қосады, — делінген хабарламада. «Астана – Жітіқара» бағытындағы вагондар 104 орынға есептелген. Пойыз күнара қатынайтын болады. «Нұрлы жол» вокзалынан тақ күндері сағат 19:40-та жөнелтіліп, ...

Толығырақ »

Алматы-Қостанай бағытында қосымша пойыздар қатынайды

Алматы-2 — Қостанай бағытындағы №179/180 жедел пойызына қосымша рейстер ашылады деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мереке қарсаңында жолаушылардың көп болуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша рейстің сапарға шығатыны туралы айтты. «Пойыз Алматы-2 стансасынан 2018 жылғы 26, 30 және 31 желтоқсан күндері шығады. Ал Қостанай стансасынан 2018 жылғы 27, 31 желтоқсан және 2019 жылғы 1 қаңтар күндері жүреді. Пойыз билеттері барлық сату нүктелерінде ...

Толығырақ »