Астана-Жітіқара пойызы іске қосылады

Биылғы 3 қыркүйектен бастап Астанадан Жітіқара қаласына пойыз қатынайтын болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Ақпаратты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратты.

3 қыркүйектен бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Жітіқара» жаңа теміржол жолаушылар қатынасын іске қосады, — делінген хабарламада.

«Астана – Жітіқара» бағытындағы вагондар 104 орынға есептелген.

Пойыз күнара қатынайтын болады. «Нұрлы жол» вокзалынан тақ күндері сағат 19:40-та жөнелтіліп, «Жітіқара»  станциясына жұп күндері сағат 15:56-да келеді. Жітіқарадан сағат 18:14-те жұп күндері кері қайтып, тақ күндері елордаға сағат 12:46-да келеді, — деп жазылған хабарламада.

Пойыз маршруты Көкшетау және Қостанай арқылы өтетін болады.

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Еліміздегі ауыл шаруашылығы жерлерінің тозуының өзекті мәселелері халықаралық конференцияда қарастырылды

Еліміздегі ауыл шаруашылығы жерлерінің тозып, ластануы мәселесі қазіргі таңда аса өзекті мәселеге айналып отыр. Астанада ...