Таспа

Алматы-Қостанай бағытында қосымша пойыздар қатынайды

Алматы-2 — Қостанай бағытындағы №179/180 жедел пойызына қосымша рейстер ашылады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мереке қарсаңында жолаушылардың көп болуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша рейстің сапарға шығатыны туралы айтты. «Пойыз Алматы-2 стансасынан 2018 жылғы 26, 30 және 31 желтоқсан күндері шығады. Ал Қостанай стансасынан 2018 жылғы 27, 31 желтоқсан және 2019 жылғы 1 қаңтар күндері жүреді. Пойыз билеттері барлық сату нүктелерінде қол жетімді» делінген хабарламада.

Мынаны да қараңыз

Рудный студенттері уланған асхана қызметкерлері стафилококк жұқтырған

Рудныйдағы колледж асханасының үш қызметкерінен патогенді алтын стафилококк анықталды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Санитарлық-эпидемиологиялық ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *