Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан Арқалық қаласы мен Амангелді және Жангелдин аудандарының экономикасы негізінен мал шаруашылығына негізделген. Арқалықта өнеркәсіп енді қолға алына бастаса, жоғарыда аталған қос ауданда өндіріс атаулы тіптен жоқ. Сондықтан да облыстан қашық орналасқан аудандардың инфрақұрылымы сын көтермей, әлеуметтің де әлеуеті тұралап, мұғалім, дәрігер сынды дәстүрлі мамандық иелері болмаса, жастардың дені екі қолға бір күрек іздеп, үлкен қалаларға сабылып ...
Толығырақ »Tag Archives: Торғай
Ахмет Байтұрсынұлының кейінге шегерілген 150 жылдық мерейтойы 1 қазанда өтеді
Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртке байланысты кейінге шегірілген Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған шаралар 1 қазанда өтеді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Биыл 3-5 қыркүйек күндеріне жоспарланған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар Әулиекөл ауданындағы төтенше жағдайдың салдарынан кейінге шегерілген болатын. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілді. Қостанай облысы Мәдениет басқармасының директоры ...
Толығырақ »Торғайда ағаштан жасалған дәретханаға 600 мың теңге жұмсалған
Қостанай облысында далада ағаштан дәретхана салуға 600 мың теңге жұмсалған. Бұл туралы «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Торғай ауылында далада орналасқан дәретхананы салуға 600 мың теңге жұмсалған. Дидар Смағұлов «бағалы» дәретхананың фотосын жариялап, қысқаша жазба қалдырды. Автор бұл соманың қалай шыққанын шамамен есептеп көрсетті: 1. Ағаштан жасалған қоршау: ...
Толығырақ »Мемлекет басшысы Қостанай облысына келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады. Фото: БОРТ N1
Толығырақ »Тоқаев Торғайға баратын болды
Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады деп хабарлады tobyl-torgai.kz. «Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады. Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады», – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай фейсбуктегі парақшасында.
Толығырақ »Тоқаев Торғайға бара ма?
Сіздер не ойлайсыздар? Ахмет атамыздың ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді деген тойына шамалы ғана күндер қалды. «Ел құлағы елу» дейді, алайда Байтұрсынұлы тойына Торғайға Тоқаев барады екен еш сыбыс жоқ. Бұрынғы президент Алаш жайлы, Алаш арыстары жайлы өзі де айтпады, өзгені де тұсады, ал дәл Кемел Тоқаевтай жазушының баласының Байтұрсынұлының өз халқына, тұтас түркі жұртына жасаған еңбегін, сол жолда жанын бергенін ...
Толығырақ »Тәлімі терең тұлға
Көне көздердің кейінгілерге қалдырған әпсаналарына сүйенсек, менің балалық шағым өткен ауылдың аты кезінде Кенесары ханның бауыры Наурызбай батырдың қасындағы қандыкөйлек қырық жігітінің бірі Шәкір батырдың тұлпарының құрметіне Көкалат деп аталса керек. Сол ықылым заманнан бері қай қоғамның болса да географиялық картасынан түспей, тарыдай таңбаны иеленіп, Торғай даласының бір түкпіріндегі томаға-тұйық жатқан осы бір ауылдың «басқа жерден бақ іздеп кеткен» біздей ...
Толығырақ »Торғайда 200 млн теңгеге салынған бөгет 2 жылда бұзылды (ВИДЕО)
Екі жыл бұрын республикалық бюджеттен 194 млн теңге бөлініп, қолданысқа берілген бөгет бұзылып жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Хабар-24» телеарнасына сілтеме жасап. Бөгет құрылысын Шилі ауылының халқы 30 жыл бойы күткен. Енді пайдасы болмай тұр. Жаңа бөгеттің тереңдігі бір метрге жетпейтіндіктен су әр жерде шалшық болып қалған. Күннен-күнге бетонды блоктардың астымен із тауып ағып жатыр. Қалғаны күзге дейін тартылып қалуы әбден мүмкін. ...
Толығырақ »Торғайдың болашағы – туризмде
Қостанай облысының Жанкелдин ауданы өңір аймағының 19 процентін құрайды. Жеріміздің үлкендегі оның ланшафтының әралуандылығына, жануарлар мен құстар әлемінің көптүрлілігіне алып келеді. Бұл ретте, аймақты дамытудың драйверлерінің бірі туризм десек артық айтқандық емес. Туризм демекші, Торғай туризміне түреннен жол салған ағайынды Амандық, Талғат және Жәнібек Әмірхамзиндер екенін бәрі біледі. Олардың «Тылсым Торғайға туры» жыл сайын өзге аймақ тұрғындары тарапынан қызығушылық тудырып, ...
Толығырақ »Жанкелдин ауданындағы кәсіпкерлік: жетістіктері мен мүмкіндіктері
Қостанай облысының оңтүстік-батысында орналасқан Жанкелдин ауданы жер көлемі бойынша жалпы облыс аумағының бестен бірін құрайды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Кейде туған жер деген ұғымға, атамекеніңе қызмет ету туралы айтамыз, әрине, жалаң ұран ретінде қабылдаймыз, алайда сол аймақта тұратын адамдардың, бірінші кезекте, қызмет көрсетіп, жерлестерін жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлерге жеке тоқталғанды жөн көрдік. Туған жеріміздің гүлденгенін бәріміз де қалаймыз, бұл ретте, ...
Толығырақ »