Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-9

Дәулеттібике

Осыдан бұрын көптеген ғасырлар мен жылдар өтіп елде тоқтық, уайым-қайғысыз күндері өтіп жатты. Елдің ықыласы мен ниетіне жаратушы бір Алланың ықыласынан болар, әр жылдары астық мол болып ел тоқ, тыныш күндер өтіп жатқан. Ауыл-ауылдың алыс-жақындығына қарамай аралас-құралас болып, алыс-беріс, сауда-саттық ретке келіп, мал басы да өсе түскен еді. Бұндай тыныш, жақсы жағдай тікелей анамыз Дәулетбикенің ақылы, дұрыс жолға бастап келе жатқанын балалары сезіп, ұйымдасып іс істеуге ықыласты болды. Жылдан-жылға егіс көлемін ұлғайтып, ата-атаға бөлініп, енші алып жеке-жеке ауыл болып іргелерін кеңейтіп, қоныстанған. Осындай ұмтылыстың арқасында ата қоныстарын белгілеп қанаттары кеңейе түсті. Бұл өрелі іс данагөй анамыз Дәулетбикенің ақылымен істелген болатын. Осы орайда Жанағаның мына бір сөзі ойға оралып, сол жөнінде айта кетейін. Аға көбіне анамызды Дәулетбике дейтін. Бірде ағаға осы жайлы сұрақ қойып, анамыздың атын неге бұрып атайсыз деп сұрадым. Иә, бұл сұрағың орынды, біле жүргендерің дұрыс. Олай дейтінім анамыздың еліне, халқына жасаған еңбегі өлшеусіз десем болады. Ол кісінің еңбегінің арқасында бірнеше ғасыр бойына Жыланшық өзені бойын мекендеген Қара-Қитаба, Лақ аталары ата қоныстарын тастап ешқайда жылжыған емес. Бұл аталардың қай-қайсысы да дәулетті, бай-қуатты негізгі байлығы төрт-түлік мал болатын. Мал өсіруге жері де, табиғат жағдайы да қолайлы болған. Патша үкіметі құлағанға дейін іргесі сөгілмей, ата қоныста бай – қуатты тірлік жасап келген. Патша үкіметі құлап, сол жағдайларға байланысты шаруашылыққа қиындық туған. Қолдағы малға жағдай болмай мал азайып, күнкөріс қиындай түсті. Азық-түлікпен қамтамасыз ететін төменгі елде астық шығымы азайып, соның салдарынан егістік жер көлемі азайған. Астық аз болған соң қиын бола түсті. Осы жағдайларды ескере келіп Жыланшық бойындағы ағайын ойға қарай қоныс аударуға мәжбүр болған. Жол азабын көріп Қара-Қитаба, Лақ ағайын жаяулап-жалпылап ойдағы елге ілініп-салынып әзер жетті. Аштықтан жол бойы жетем деген жеріне жете алмай, жолда аштан өліп, көмусіз қалғандар да болған. Халықтың соншалықты күйзеліске түсуі, сол кездегі қатал саясаттың әсерінен болған еді. Олай деуіміздің себебі үкімет байларды тап ретінде жоюды көздеді.

Осы мақсатта анамыз егін егу тәсілін, істелетін істер жайлы балаларға айтып түсіндіруден бастады. Алдымен егістік жерді талапқа сай өңдеу. Өңделген жерге уақытылы тұқым себу. Шөлге ұрындырмай су ішкізу жұмыстарын жасайды. Егіннің өсуіне назар аударып, оны жинап алу үшін құрал-саймандарын әзірлеу, бірінші кезектегі жұмыс. Егін пісуге жақындаған кезде, орып жинасуға, жұмысшы күшін тарту. Оларға берілетін еңбек ақы есебінде  алынған өнімнен жылдық қажеттеріне қарай астық беру. Малмен де айырбас жасап, Торғайдағы татар саудагерлерінен қант, шәй, киім-кешектер алуға жағдай туғызу. Осындай сауданың өзімен көптеген істі тындыруға болатынын балаларына түсіндіріп, қысқасы егін арқылы кез келген шаруаны тындыруға қол жететіндігі айтылып, көрсетті. Бұны естіген балалары еш қиналыссыз егін егіліп, жиналатынына, аналарының айтуын орындауға дайын екендіктерін айтты. Ананың айтуы бойынша бар жұмысты өздері емес, өзгеге істетіп, басқару жұмысына қолдары жететініне көздері жетті. Міне, көш басшы ананың көрегендік саясаты балаларын осылай разы еткен болатын. Ойлап қараған кісіге аз жұмыс емес екендігі айқын сезіледі. Соның бәрін анамыз ақылмен шешіп, балаларына қорықпай кірісуге жол ашты.

Сондағы Ананың ақылы қолмен ұстатқандай жол көрсеткен болатын. Осы ақылды сеніммен қабылдап іске кірісіп кетті. Ана балаларының егістік жерді өңдеп, тұқым себуін, оның шығуын толық бақылауда ұстап, балаларының ісіне қанағаттанған қалыпта болды. Аралап көріп егіндерінің шығымы жақсы болатынын айтып, қажетті егін жинауға құрал-сайманға тапсырыс беру керек екендігін де еске салды. Сол мақсатта аудандағы татар саудагерлеріне күні бұрын ескертіп, қолдарындағы малды өткізіп, керек-жарақтарын алуды естеріне салды. Егінді шашпай, төкпей, жауын-шашынға ұрындырмай жинауды ескертті. Балаларына аналарының айтқаны: «егінді ысырапқа жол бермей жинап алып, жауын-шашынға ұрындырмай алдағы жылдың тұқымын есеппен сақтай біліңдер. Ішіп-жемнен артығын сауда – саттыққа айналдырып, елді де ашықтырмаңдар. Бұлай айтуым астық сақтайтын орындарың жоқ. Соған байланысты өз қажеттеріңе қарай үлгіртуді ойландар», — деп тапсырма берді. Аға сіздің анамыз жайлы айтқан сөзіңіз Ғ.Мүсіреповтың Ұлпаны мен біздің анамыз Дәулетті бикенің ұқсастығы сізден мына бір жағдайды білуге итермелеп отыр. Ғ.Мүсірепов Торғайға екі рет келген екен. Ғабит Мүсіреповтың ана туралы жазылған шығармасын оқыған боларсыз. Сондағы Ұлпанның істеген ісімен, біздің анамыз Дәулетбикенің істері өте ұқсас, ойлаған ойлары, мақсаттары бірге қабысып жатыр. Бір ойлағанда Ұлпан да, Дәулетбике де бір кісі, бір кісінің басынан өткен оқиға деп ойларымыз анық. Дұрыс айтасыз аға, маған да сондай ой салады. Жалпы кім болса да, өмірде болған кісілер деп есептеймін. Сондай тар заманда ақылды көш бастайтын данагөй кісілердің болуы халықтың арманы. Анамыздың көрегендік саясаты, өмір талабы сондай биікке көтеріп отыр. Ол жағын былай түсіндірсем қалай болар еді. Ол жағын өздерің тереңірек ақылға салып, ойап, өлшеп-пішсеңдер тіпті жақсы болар деймін. Анамыз егіншілік кәсіпке ұрпақтарын икемдеп көндірудің әдіс-тәсілін терең ойлап, бірте-бірте қол жеткізген. Сол үшін көп ізденіп, көп қиналған сәті де болды. Анамыз жан-жаққа шарықұрып, атқа да мінді, арбаға да отырды. Ақыры өз ойындағыны тауып, егін егуге керекті тіршілік нәрін жасауға қол жетер өңір барын анық көрді. Ендігі ойы халқының тілін тауып айтқанын істетуге көзін жеткізу. Бұл ойын алдымен отағасына айтып соның ақылымен істеу керек деп ойлады. Осы ойын, көп ізденістегі шешімін отағасыға егін егетінін айтып сендірді.

— Қашаннан айтылып келе жатқан дана қазақта «елден ел көшсе жұт, елге ел қосылса құт» деген сөз болатын. Осы сөздің төркініне көз жіберіп ойлап қарасақ, одан үлкен сыр ұққандай боламыз. Ол қандай сыр, алдымен соған назар аударайық. Осы орайда да бір қазақтың дана сөзі «арқа жайлы болса арқар ауып несі бар» деген сөз еске түседі. «Ол жайсыздық қайдан туып жатыр?» деген сұрақ туары анық. «Оны кімнен көреміз?» деген сұрақты өзіміз – өзімізге қоямыз. Оның жауабы біреу. Ол кім, қандай жан? Шын әңгіме осында жатқан сияқты. Біреуді байлығына қарап ретсіз аспанға көтеріп мадақтау, ретсіз сый-құрмет көрсетіп, шексіз марапаттау, ақылсыздың бөркін қазандай етіп, аудан, ауыл, қала, қалды облыстың құрметті азаматы деп дәріптеу кері әсері тиіп, елге қиянат жасап жатады. Дәріптеуден бұрын ол кім болып істеген? Халыққа, ауылға, аудан, қала, облысқа сіңірген еңбегі қандай? Жас ұрпақ өнеге алатындай, мақтан тұтып, бой түзер істерін танып, біліп барып дәріптесе. Баяғы кеңес дәуірі өтті, қойшы, малшы еш қажет емес. Жастарды ондай мамандыққа бейімдеудің еш қажеті жоқ. Осыны да ойлағанымыз жөн болар еді.

  • Ата-бабалар ісін, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу біздің міндет.

Мүкеңнің жаратылысы бөлек, елдің ырысына ылайық, мейірімі мол, кең пейілді, елге, халыққа болсын деген азамат . Оның осындай ерекше тұлғасы, болмыс-бітімі ел мен халықтың, аралас болғандарың ойында мәңгі сақталары анық.

Сүйтіп жүргенде Мүкең бірер азаматқа ренжіп бірінші хатшыға арызын берген. Сұранып, жұмысын тапсырып, кетуге бет түзеді. Өткен күндерді еске алып, аға-іні, достар жайлы да әңгіме қозғайтын. Олардың елге, халыққа деген жанашырлық сезімдерін, әлсіз жандарға көңіл бөліп, көмектесу жағын да үнемі айтып отыратын. Жоғарғы басшының көмек жасауға ықыласы болып жатқанын көріп халық басшының ол ісін қолдай түсуге әзір тұратын.           Қай-қайсына да еңбек етіп жатқан халықтан ештеңе аямай, толық жағдай жасау керек дегенді үнемі ескертіп отырады. Олар біздің жанашырлық сезімімізбен, қамқорлығымызды көріп, айтқанды бұлжытпай адал істеуге деген ықыласта болады. Сондықтан олардан ештеңе аямай, сұрағандарын беріп, жағдайларына қараңдар деп үнемі ескертіп отырады. Ауыл халқы да Мүттәлдің осындай жанашарлық қамқорлығын сезіп, әрбір істе өздерін жауапты сезінетін. Соның нәтижесінде совхоз үнемі табысқа жетіп отырады.

***

Осыдан соң Айса анамыз Дәулетбикені Ел анасы деп айтсақ еш артықшылығы жоқ, екі ауылнай үшінші, төртінші ауылда 10 колхоз құрып, ұрпақтары ұстап келеді.

Қазақта «алып анадан, ат биден туады» деген сөз бар. Қазақ ананы құрметтеп, ананың еңбегін бағалауды ертеден түсініп, өскелең ұрпақ қанына сіңіріп тәрбиелеуге ерекше назар аударған. Сол мақсатта ата – бабаларымыз бен аналарымыздың өмірі мен өткен дәуірлері халық үшін, ел үшін істеген істері жайлы бізге жеткен дерек көздеріне көз салып, естіген білгендерімізді еске алып сіздердің назарларыңызға ұсынудың реті келіп отыр. Оған себеп өздеріңіз талай талқыға салып, бірін ойға,бірін қырға тартып, келісіп пішер істің шешімін таппай отырғандарыңа, қынжыла отырып мынаны айтқым келеді.Қай халықта да анаға деген құрмет,анаға деген сүйіспеншілік шексіз деп білеміз. Әйел отбасының асқар таудай сүйеніші,ел басына күн туғанда батырдың бірінші серігі деп біледі. Өткен дәуірлерде ақылдылығы,шешендігі,тапқырлығы мен ел аузында айтылып келген аңыздардан естігеніміздей батыр аналар аз болмаған. Жауға қарсы ерлермен бірге елін қорғап,қаһармандық ерлік көрсетіп, бейбіт күндерде ел басқарып ерен еңбектерімен танылған, әйел аналар болған. Қазақ халқының тарихы рулық-тайпалық құрылымдарымен тығыз байланысты екендігін қазақ тарихын зерттеуші ғалымдар жоққа шығармайды. Біз қаласақ та, қаламасақ та бұл бізідің ұлтымыздың тарихына тән сипат болып табылады.Тайпалық-рулық қауымдастық ерекшеліктері біздің заманымызға дейінгі мың жылдықтардан бастау алып келген,өткен дәуірлерде ақылдылығы,тапқырлығы, шешендігімен танылған ел аузында айтылып, ел басқарған,жауларына ерлермен бірге қол бастаған батыр аналар. Халықтың басына түскен қиыншылыққа қарсы тұрып, содан шығар жолды тапқан аналар. Сол аналардың еңбегін халық та дер кезінде бағалай білген. Ондай аналардың атымен жер-су аттары,ру аттары аталып осы күнге жеткенін көріп те, естіп те келеміз. Соның бір дәлелі ретінде Сәйділ Талжанов деген қазақтың ғалым жазушысы “Ұлдай кегі” деген шығармасында әйел ана аттарымен аталатын біраз рулардың аттары айтылып,аналар еңбегіне сипаттама берген. Соның ішінде біздің анамыз Дәулеттібике де бар.

Қорыта келгенде анамыздың тегін кісі болмағаны анық. Бәріміз әудесіп үлкен істің тындырушысы, халықтың жанашыры болсақ деген ниетпен, санғасыр қазақтың басына төнген Нәубет аштықтан құтқарсақ деген оймен, үлкен ақсақалды әкелер мен ағалардың ақыл кеңесін ала отырып, Қабырға өзенінің арнасын бөгеп, ел игілігіне жарату ниетімен бас қосып пікірлескелі отырмыз. Сөздің шынына келгенде үшінші, төртінші ауылды мекен еткен анамыз Дәулеттібике ұрпақтары екені айдан анық, басы ашық мәселе. Оған таластарың болмас. Сондықтан мен сіздерге анамыз туралы, анамыздың қандай кісі, кім болғаны жайлы айтайын. Өмірде талай алыптарды әкелген асыл аналар өтті. Солардың бірі біздің анамыз Дәулеттібике. Ол кісі ел қамын ойлап ерте өзі өмір сүрген дәуірде жоқшылықтың қамытын киіп, күйзелген халықты жақсылыққа жеткізу жолында еңбектенген. Ұрпақтарына жер ананың тамырын тартып, емшегін емуге негіздеп еңбек етуге жұмылдырған.

Мен де сол анамыздың игі істерін насихаттай отырып, далаға кетіп жатқан Қабырға өзеңінің  суын ұстап, ел игілігіне жаратуды көптен ойластырып сіздер иә, бәсе десеңіздер соған кірісу қамында жұмыс жасамақпын. Қай кезде де бір істі бастау үшін халықтың бірлігі керек. Ол үшін халыққа істелер істің пайдалы жақтарын түсіндіріп соған көзін жеткізу керек деген оймен, өткен жылдары Ибрахым Жұпарбайұлына Сыр бойынан көріп-біліп жинаған тәжірибеңді елге көрсет, елдің көзін аш деп бір кездері анамыз Дәулеттібике соқтырған қырдағы Дәулеттібике бөгетін қайта қалпына келтіріп, бау бақша отырғыздырып одан мол өнім алдық. Оны өздеріңіз көріп қауын, қарбызын жеп, жер ананың берері мол екен ғой деп қауқылдасқандарың әлі есімде. Осы кезде үлкен ағаларымыз Нүрпейіс, Тұйақбай, Әли, Әбілда, Садық , Бейсен, Бәйділда, Смағұл ақсақалдар разы болып қолдарына түкіріп, Айсажан қай ісіңе де дайынбыз, халқыңды баста деп қостаған еді. Осы анамыздың егеншілік мәдениетін Сыма, Шеңгелбай деген аталарымыз да егін егіп, елге атағы шығып, егін еккен жері қазірдің өзінде сол кісілердің атымен аталады. Сол ишаратпен мен сіздерге қызмет жасауға дайын екенімді айтып сендіргім келеді. Сіздердің бастарыңызды қосып, келелі кеңес өткізбек ойдамын. Адамның істегенің адам істей алмайды, ол қолдан келмейді деп кейін шегінуге, теріс пікір айтуды қойып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жатсақ алынбас асу, бұзылмас қамал бола қоймас. Көп болып күш біріксе асау өзенді ауыздықтап, дегенімізге көндіріп кеңезесі кеуіп жатқан шөл даланы, суландырып ырысқа кеңеліп бір қалайық деген ішкі ойым, шын сырым. Мен сіздерге сенемін, сіздер қолдасаңыздар бәрі де ойдағыдай болады деген еді. Айса өз ойын айта келіп ағайындарға әрі тарт, бері тартты қойып, бас біріктіруге шақырды.

Бәрімізде бір әке, бір шешенің баласы екенімізді әкеміз Мәмбет, шешеміз Дәулетбикеден туған: Есен, Ноқетек, Жиенәлі, Жиенбет, Жәубөрі, Кенжебай болып тараймыз. Осылардан өрген ұрпақтар: Назарымбет, Женет, Қойбақ, Мырзабек, Ыстыбай, Жетім, Үстемір, Тай, Мәйемір болып тараймыз. Бұл анамыздың немерелері.

Анамыз Дәулеттібике ұрпақтарын отыршылық егіншілік мәдениетіне бейімдеп егін ектірген. Әр жылдары егін өте бітік шығып мол өнім жинаған. Жыланшық бойындағы Лақ, Қара Қитаба егін жинасып, астық алуды ойлап жылда көмекке келіп жатқан. Анамыз Жалпақ елге жұмыс тауып беріп Дәулеттібике ауылын іздеп келушілер көп болған. Мынау отырған Садық ағамыз қуақа әзілқой, сол ағамыз сияқты арғы аталарымыз жол бойында кездескен Лақтардан амандық саулықтан кейін жөн сұрап иә, Лақтар қайда желдеп барасыңдар деп сұраса,олар Дәулетбике ауылына жиын терінене көмектесіп, егінің жинасып кеусен алмақшымыз дейтін көрінеді.

Енді бірде Жыланшық бойының Қараларына әзілдеп иә, Қаралар Жыланшықтың суы ащып кеттіме? Қайда шұбырып барасыңдар деп әзілдесе Дәулеттібике ауылына барамыз, жиін терініне көмектесіп кеусен аламыз дегенді оларда айтады екен. Осы әзілдесіп жөн сұраудан анамыздың аты кенже балалары Жәубері мен Кенжебайға ру аты болып Дәулеттібике есімі қалған екен. Анамыз елге еңбегімен танылып отырықшы егіншілік мәдениетін ұрпақтарына мұра етіп, оларды ауыл ауыл етіп қоныстандырып жер үлесін беріп Үкінің қара бидайығынан Ақжанға дейін аралықтағы жерге Жәуберімен Кенжебайды қоныстандырған. Өзенің арғы бетіне Жартоғайдан Жетімтөбеге дейін, Жетімдерді, Артелден Жамбайға дейін Ыстыбайды қоныстандырып, Жамбайдан әрі Қойбақ, Мырзабек, Назарымбет, Женеттерді қоныстандырған. Осылай анамыздың ұрпақтары үшінші ауылда бес колхоздың басын қосып отырған. Анамыздың ұрпақтары үшін еңбегі өлшеусіз. Кейінгі кездің өзінде аштықтан аман қалу үшін Жыланшық бойындағы ағайындар Лақ пен Қара-Қитаба ұрпақтары осы Албарбөгетке жетіп аман қалғандарын әр кез естеріне алатын. Мен бұл әңгімені руға бөлу үшін айтып отырғаным жоқ, бас біріктіріп жұмыс істеу үшін, асау өзеннің суын ел игілігіне пайдалану үшін айтып отырмын, осыны дұрыс түсініңдер ағайын,-деп Айса өз ойын айтты.

Анамыз өздерінен туған балалары мен немерелеріне тиісті жер үлесін заңдастырып беріп, қолдарынан келетін кәсіппен айналысуына егін егіп, мал өсіруге баса назар аударып, үнемі бақылауында ұстап, басшылық жасап отырған. Өтпелі кезеңдердегі туындап жатқан қиындықтарға қарсы тұрып, шыға білудің сара жолын ұрпағының саңасына сіңірген. Ел ішінде болып жатқан астық тапшылығы содан шығудың тиімді жолы егін егу қажет екендігін әріден ойлап, ізденіс жасап көп қиналған сәттері де болған. Егін егу үшін оған тіршіліктің нәрі- су керек деген ойға қалып су мәселесін шешуім керек деген қорытындыға келеді. Өздері мекен еткен Қабырға өзенінің екі жақ беті,қырдағы Кемерді түгел сүзіп шығып, су ұстауға қолайлы жерлерді қарастыруға кірісіп те кетті.

Қырғыбөгет, Қамсақты, Шолақ бөгет, Сарыбас бидайғы, Ақсай деген жерлерді көріп осы жерлерде су ұстаса егін егуге толық мүмкіндік бар деген байламға келеді. Аталған жерлердің төменгі су ағар жолынан тоспа жасап, су ұстап аяқ егіс егіледі деп шешті. Бұл ойын отағасы Мәмбетке айтып бір байламға келіп ауыл ақсақалдары мен ұрпақтарына түсіндіруге кірісті. Елді жинап анамыз өзінің ойын айту үшін іске кірісті. Өзінің қарап жатпай біраз жерді аралап, су ұстап, егін егуге болады деген жерлерді атап айтты. Жатпай тұрмай осы іске әу десіп кірісу керек. Әрине, бұл жұмысты тез бітетін оңай іс деп айта алмаймын. Қинала жүріп табандылық пен қажыр-қайраттың арқасында бітетін іс. Осыны алдын-ала ескертіп бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын бірліктің қажет екенің еске саламын. Қашанда істің ауырлығы болады, бірақ оның біткеннен кейін алақан жайып даладан нан сұраудан құтыламыз. Егін болса нанда болады, мал да болады. Нан таппай отырған елге де пайдамыз тиеді. Бұны көпке жасайтын пайдалы ісіміз деп сезінгендерің жөн. Сендерден көрген көмектеріне олар да қарап жатпай өздерінше қол қайырларын жасап көмектесуге тиісті.Астыққа деген елдің сұранысы да мол болары анық. Оны салмақтап ойлар болсаңдар кірісте мол болады. Ол жағын да білгендерің жөн. Осы жағдайды ескерте отырып балаларым сендерді мына қоныстарға қондырсам деген ойда болып отырған жайым бар. Оны сендердің таңдауларыңа салғым келіп отар. Таңдау тәртібі жастарыңның үлкенінен басталып, рет-ретімен аласыңдар дегенді айтқанда, балалары жоқ олай жасамаңыз құрметті анамыз, сіз өзіңіз отырған қонысымызға қарап орналастырыңыз. Біз сіз қалай қоныстаңдырсаңыз соған келісеміз деген ойларын айтты. Ана да балаларының бұл шешіміне іштей разы болып, онда былай болсын аталарыңның оң қанаты жағын қоныстанған Есен, Ноқетек балалары: Назарымбет, Женет, Мырзабек,Қойбақ, Жамбайдан әрі қарай Қулы көлге дейін, Әртелден Жанбайға дейін Ыстыбай, Ақжаннан Үйір — Бүйір дейін Жаубөрі, Кенжебай балаларымен, Жетімтөбеден Байқадамға дейін Жетімдер балалары қоныстансың. Малдың қай түрін болса да, өздеріңнің қоныстанған мекендерің бойынша бөліп аласыңдар. Егер біздің болғанымызды бөлісуге қалайтын болсаңдар біз дайынбыз. Бұл шешімге ұрпақтарының разы екеніне көзі жетіп балаларының ісіңе сәттілік тілеп өз батасын берді.

Балалары да ананың алдағы жоспарының үлкен екенің сезгендіктен мал жанды әзірге бөліске салмай, бұрынғыша баға тұруды, алдымен егін егуді қолға алып, бөгет бөгеуге кірісетіндіктерін еске салды. Уақыт оздырмай аналырының бөгет соғатын жерін көріп, қажетті құрал саймандарын әзірлеуге кірісті. Бөгет соғатын жерге қазығы қағылып қаптаған үлкен-кіші жастар жер қыртысын аударып тау-тау топырақты үйе бастады. Осы жаз екі жерде бөгет соғып, алдағы көктемде егін егуге дайын іске кірісіп кетті.

Қапеш ӘЛИҰЛЫ

(жалғасы бар)

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Арқалық қаласы, Аманкелді, Жанкелдин аудандарын дамытуға көп көңіл бөліп отырмыз — Құмар Ақсақалов

«Арқалықта самолет ұшады», «Торғайға газ келеді». «Арқалық институты университетке айналады». Бұл жағымды жаңалықтарды арқалықтықтар қалаға ...