Таспа

Жангелдин ауданында 200 млн теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті (ВИДЕО)

Қостанай облысы Жангелдин ауданында 200 миллион теңгеге салынған бөгетті су шайып кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz

«Астана» телеарнасының мәліметінше, ауданға қарасты Шилі ауылындағы бөгет 2020 жылы салынған. Үш жылға шыдас бермеді. Шалғайдағы елді мекен тұрғындары ауызсусыз қалдық деп дабыл қағып отыр. Ауылдағы жалғыз құдықтың суы ащы.

Оқи отырыңыз: Жангелдин ауданының Шилі ауылынан ши шықты

Еске салайық, сапасыз бөгет салғандарға қатысты қылмыстық іс қалалық сотта қаралып жатыр. Оларға қазына қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы ауқымды мәселеге айналды — Амандық Әмірхамзин

Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуіне қатысушылар әр аймақтағы мәселелерді талқылады. Қостанай ...