Tag Archives: Қостанай облысы

Қостанай облысында жол апатынан бір көлікте отырған төрт адам қаза болды

Қостанай облысында екі бала мен екі ересек адам жол апатынан қаза болды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 30 шілдеде «Қостанай-Введенка» тасжолының 77-шақырымында «Мерседес» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, қарама-қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ-2110 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ-2110 жүргізушісі мен үш жолаушысы, екеуі кәмелетке толмаған, ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, ...

Толығырақ »

Жітіқара ауданында жылқы бағып жүрген ер адамға найзағай түскен

Қостанай облысында 27 жастағы ер адамға найзағай түсіп, мерт болды. Қайғылы оқиға Жітіқара ауданы Чайковский ауылында тіркелді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам жылқы бағып жүрген. 19 шілдеде марқұм мал жайып жүріп туыстарымен байланысы үзілген. Келесі күні елді мекеннен 5 шақырым жерде жазық далада оның денесі табылды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың ізі ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 7 жастағы қыз жоғалып кетті

Қостанай облысында 7 жастағы қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Алау» порталына сілтеме жасап. Баланың жоғалғаны туралы ақпаратты Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі растады. Қарабалық ауылында 7 жастағы Ева Андреева жоғалып кетті. Полицияға қыздың анасы жүгінген. Оның айтуынша, 26 шілдеде сағат 23:20 шамасында Ева үйден шығып, жоғалып кеткен. Бала қара шорты, қызғылт жейде, қызыл тәпішке киген. Ева Андрееваның қайда екені ...

Толығырақ »

Қостанайдағы Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері сотталды

Қостанайдағы психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қостанайдың №2 сотында Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Владимир Михайленкоға үкім шықты. Сот мәліметінше, сотталушы мен оның әріптестері сараптама қорытындысын бұрмалады деп айыпталған. Жүргізушіні заңсыз әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін орталықтың наркологтарына сараптама қорытындысын өзгертуді тапсырған. Бұл іс сотқа дейінгі жеделдетілген өндірісте қаралды. Істі қарау барысында сотталушылар ...

Толығырақ »

Қостанай облысында шегірткеден 500 гектар егіс алқабы зардап шекті

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев шегіртке зиянкестерінің таралуы тіркелген Қостанай облысына  келді. АШМ басшысы күні бұрын табын зиянкестерінің шабуылы туралы хабар келіп түскен Қостанай және Қамысты аудандарында болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ауданның аумағын зерттеу қорытындысы бойынша, 16 мың гектар жайылымдық жерде жәндіктердің таралуы тіркелді. Фитосанитарлық шаралар сол күні кешке басталды, өйткені өңдеулер техникалық регламентке сәйкес ...

Толығырақ »

Құмар Ақсақалов: Үкімет тарапынан Торғай өңіріне бюджет өсімі күрт жоғарылады

Таяуда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Торғай аймағына арнайы жұмыс сапарымен барды. Онда аймақ басшысы Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарын аралап, елдің тұрмыс жағдайымен танысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында облыс әкімі Арқалықтағы ұлттық жоба бойынша салынғалы жатқан мектептің жұмыс барысымен танысты. 300 орынға шақталған білім ордасының мердігері — «Алюминқұрылыс» ЖШС. Серіктестік директоры Абай Мұқановтың айтуынша, бүгінде бой көтеретін ...

Толығырақ »

«ҰБТ сынағына барған жоқ»: Қостанай облысында 11-сынып оқушысы асылып қалған

22 мамырда Қостанай облысында 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Обаған ауылында жалпы білім беретін мектептің оқушысы асылып қалған. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу амалдары басталған. «ТоболИнфо» басылымы қыздың денесін әкесі тауып алғанын жазды. Ер адам қала мен ауыл арасында жолаушы тасымалдаумен айналысқан. Сол күні қаладан келгеннен кейін терезеден қызының асылып тұрғанын көрген. Әкесінің айтуынша, қызы бірнеше күн бойы отбасымен ...

Толығырақ »

Қостанай облыстық Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Ерлан Жұмасейітұлы Файзуллин Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Polisia.kz сайтының жазуынша, Қостанай облысының активі мен жеке құрамға өңірдің жаңа полиция бастығын Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха таныстырған. Оның айтуынша, Ерлан Файзуллин ішкі істер органдарында 1995 жылдан бастап қызмет етеді. Жедел бөлімшелерде 27 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Тобыл өңірі оған жақсы таныс. Ерлан Жұмасейітұлы ...

Толығырақ »

Қостанай облысында екі әкім жауапқа тартылды

Қостанай облысында мемлекеттік сатып алу кезінде заңбұзушылықтарға жол берген әкімдер жауапқа тартылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облыстық прокуратураның мәліметінше, өңірдің бірқатар ауданында жолдарды қысқы күтіп-ұстауға бір көзден алу тәсілімен шарттар жасасудың заңсыз практикасының жолы кесілген. Атап айтқанда Заречный ауылы мен Тобыл қаласының әкімдері әлеуетті өнім берушіні айқындау үшін конкурстық рәсімдерді айналып өтіп, шарттар бір көзден алу тәсілімен жасаған. Қабылданған шаралардың ...

Толығырақ »

Қостанайда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп жатыр

Қостанайдағы Жастар сарайында «Студенттік қозғалыстардың, идеялар мен жобалардың қызметін дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы шеңберінде облыстық бос орындар жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Жастарға аумақтағы еңбек нарығы туралы, қызметкерлерге қажеттілікті сезінетін кәсіпорындар туралы, қолда бар бос жұмыс орындары мен оқу орындары негізінде жұмысқа орналасу, қайта оқыту мүмкіндіктері туралы барынша толық ақпарат беріледі. Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. ...

Толығырақ »