Қостанай облыстық Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Ерлан Жұмасейітұлы Файзуллин Қостанай облыстық полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Polisia.kz сайтының жазуынша, Қостанай облысының активі мен жеке құрамға өңірдің жаңа полиция бастығын Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха таныстырған.

Оның айтуынша, Ерлан Файзуллин ішкі істер органдарында 1995 жылдан бастап қызмет етеді. Жедел бөлімшелерде 27 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Тобыл өңірі оған жақсы таныс. Ерлан Жұмасейітұлы – Қостанай облысының тумасы. Ол осы өңірде полиция қызметіндегі еңбек жолын бастады. Жедел уәкіл лауазымынан бастап мансаптық өсудің барлық кезеңінен өтті. Қостанай облыстық ПД Федоров ауданының полиция бөлімін 10 жылға жуық басқарды. 2012 жылдан 2017 жылға дейін Қостанай облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Сондықтан ол аймақтың барлық проблемасымен және ерекшелігімен таныс, – дейді Игорь Лепеха.

Айта кетейік, Ерлан Файзуллин жаңа қызметіне дейін Қарағанды облыстық Полиция департаментін басқарды.

Мынаны да қараңыз

ЗАҢДЫ БІЛМЕГЕНДІКТЕН ЗАРДАП ШЕГЕТІНДЕР КӨП

Қоғам белсенділері осылай дабыл қағады «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің басшысы ...