13.01.2017

Жұмыссыздар саны 201 млн-ға жетеді

2017 жылы әлем бойынша жұмыссыздар саны 201 млн-ға жетеді. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымының әлемдік деңгейдегі жұмыспен қамту көрсеткіштері туралы жасаған баяндамасында белгілі болды деп хабарлады БҰҰ жаңалықтар қызметі. «Бұл көрсеткішке 2018 жылы тағы 2,7 млн адам қосылады. Еңбек нарығындағы аталған жағдайдың себебі — жұмыс істеуге жарамды жастағы адамдар саны жұмыс орындарын ашу жылдамдығынынан да қарқынды өсуде», делінген хабарламада. Аталған ұйымның ...

Толығырақ »

Қазақстанның сыртқы қарызы 165 млрд доллардан асқан

Қазақстанның сыртқы қарызы ұлғайып бара жатыр. Ұлттық банк сайтында жарияланған статистикаға қарағанда, былтырғы жылдың үшінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, ел берешегі 165 миллиард 364 миллион долларға жеткен. Бұл туралы baq.kz хабарлады.  Еліміздегі халық саны 17 миллион 700 мың болса, жан басына шаққанда әр адамға 9343 доллардан келеді екен. Қазіргі уақытта квазимемлекеттік сектордың, яғни, мемлекет қаржысына тәуелді компаниялардың өзге елдерге қарызы — ...

Толығырақ »

Елбасы ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барады

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады. Қазақстан Президенті 15-16 қаңтарда ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктерінде болады. Сапар барысында Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекет қайраткерлерімен және іскер топтар өкілдерімен келіссөздер өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Даби әмірлігінің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездеседі. Бұдан бөлек, Мемлекет ...

Толығырақ »

БҒМ 1-сыныптарға арналған оқулықтардағы «күрделі» жаттығуларды түсіндіріп берді

Оқу бағдарламаларын әзірлеуші мұғалімдер бірінші сыныптарға арналған оқулықтардағы «күрделі» жаттығуларды түсіндірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдеріне сілтеме жасап. Мұның алдында Алматы тұрғыны бастауыш сыныптарына арналған оқулықтардың мазмұнына шағымданып, ведомствоға видеожолдау жасаған еді. Педагогтардың айтуынша, бүгінде бастауыш мектепте баланы жазу мен оқуға ғана емес, білуге құмарлығын шыңдап, сыни ойлай білу машығын, функциялық сауат негіздерін жетілдіру маңызды. «Сондықтан білім ...

Толығырақ »