17.01.2017

Еліміздің теміржол вокзалдарында тексеру процедурасы енгізіледі

Қазақстанның 16 вокзалында теміржол вокзалдарында жолаушыларды, қол жүктерді және багаждарды тексеру жүйесі енгізіледі. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады. Тексеру процедурасы жолаушылардың қауіпсіздігін жоғарылату және антитеррористік қорғалуды қамтамасыз ету аясында ағымдағы жылдың 1 ақпаннан бастап іске қосылады. «Тексеру процедурасы еліміздің вокзалдарында кезең кезеңмен енгізіледі. 1 ақпаннан бастап Алматы-1 мен Алматы-2, 1 сәуірде Астана вокзалында, ал қалған ...

Толығырақ »

«Алмас қылыштың» жалғасы биыл түсірілуі мүмкін

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмін биылдан қалдырмай жалғастыруға мүдделі деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біз Керей мен Жәнібекпен шектелмей, ол фильмді Қасым ханға дейін түсіруіміз керек. Шыны керек, бүгінде «Алмас қылышты» ары қарай жалғастыруға барлық дайындық бар. Оны міндетті түрде жалғастыруымыз қажет. Осы жылы Қазақ хандығының эпопеясын Қасым ханға дейін жеткізуіміз керек» деді министр ...

Толығырақ »

Балалар үйлері жанынан бақылау кеңестері құрылады

Қазақстандағы балалар үйлері жанында алғаш рет бақылау кеңестері құрылады. ҚР Білім және ғылым министрлігі осындай тұжырымға келіп отыр. Бақылау кеңестері осы жылдың бірінші тоқсанында ашылмақ деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бақылау кеңестері балалар үйлерінің қызметтеріне қоғамдық бақылау жүргізеді. Кеңестер құрамдары қоғамдық ұйымдардың, балалар құқығын қорғау қорларының, асырап алушы ата-аналар қауымдастығының, мемлекеттік басқару органдарының (оның ішінде құқық ...

Толығырақ »

18 қаңтардан бастап онлайн-тіркеу іске қосылады

Ертеңнен бастап электрондық үкімет порталы арқылы Қазақстан азаматтарын уақытша тіркеу онлайн режімде іске қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті деп хабарлайды egemen.kz. «Егер тестілеуден сәтті өтсе, онда ертеңнен бастап онлайн-тіркеуді (азаматтарды уақытша тіркеу) қанатқақты режімде іске қоса аламыз» деді министр. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 250 мың адам тіркеуден өткен. egemen.kz

Толығырақ »

Универсиада жеңімпаздарына қанша сыйақы беріледі?

  Алматыда өтетін Универсиадада 1-орын алған қазақстандық cпортшылар сыйақы ретінде 4,9 миллион теңгеден алады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Үкіметтегілердің қысқы және жазғы Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне белгілеген сыйақылар туралы шешімі спортшыларымызды сәтті өнер көрсетуге ынталандырады. Сонымен, 1-орынға — 4,9 миллион теңге, 2-орынға — 3,3 миллион теңге берілсе, 3-орын алғандарға 1,6 миллион теңге беріледі. Сондай-ақ Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің бапкерлеріне де осындай сомадағы ...

Толығырақ »

Қостанайдың спорт кешенінде атыс ұйымдастырған кім?

Кеше кешке Қостанайдың «Трудовые резервы» спорт кешенінде атыс болды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Келушілердің бірі «Оса» травматикалық тапаншасынан өз қарсыласының басына оқ атқан. Қостанай облыстық ІІД бұл ақпаратты растап, мына мазмұнда хабарлама таратты: «19 жастағы Қостанай қаласы тұрғынының бұзақылық әрекеті фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Күдікті ұсталды. Қылмыс қаруы — «Оса» травматикалық тапаншасы тәркіленді. Сараптамалар басталды. ...

Толығырақ »