12.01.2017

Астанаға кіру ақылы болады

Қаланың көше-жол желілерінде қысымды, кептелісті азайту мақсатында «Ақылы кіруді» енгізу қарастырылған. Бұл туралы Жолаушылар көлігі басқармасының жетекшісі Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді деп жазады egemen.kz strategy2050.kz-ке сілтеме жасап. «Қалаға кіруді ақылы қылу бойынша бірқатар бағыттар қаралды. Тиімді шешім шығыс магистралінде IT–шешімі бар 6 тұрақты орнату қарастырылған. Ақылы кіріс  7:00-ден 10:00-ға дейін Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қосшы, Қорғалжын  бағыттарынан кіретін бағытта  орнатылады» деді ...

Толығырақ »

Қостанай облысында «Айбын» президенттік полкінің жаңа шақырылған сарбазы қайтыс болды

Қостанай облысында «Айбын» президенттік полкінің жаңа шақырылған сарбазы қайтыс болды деп хабарлайды tengrinews.kz «Қостанай жаңалықтарына» сілтеме жасап. Осы дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр екен. Туыстарының айтуынша, Әсет Жүсіпов әскер қатарында екі ай ғана қызмет кеткен. Сарбаз Лисаковск қаласына қарасты Октябрьск ауылында жерленді. Марқұмның анасы Марина Жүсіпова қазіргі уақытта оқиғаның түрлі нұсқасы барын айтады. Ол баласы өзіне қол салуы мүмкін емес дейді. Ә.Жүсіпов шақырылған ...

Толығырақ »

Досым СӘТПАЕВ: Тәжиннің тағайындалуы Президенттің жас кадрлардан көңілі қалғанын көрсетеді

Саясаттанушы әрі Халықаралық қауіп-қатерді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев Марат Тәжиннің ҚР Президенті Әкімшілігіне қызметке қайта оралуының екі себебін болжап көрді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тәжин бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ,асшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. Ол осы қызметті 2002 жылдың тамызынан 2006 жылдың сәуіріне дейін атқарған еді. Д.Сәтпаевтың айтуынша, Тәжиннің тағайындалуы Мемлекет басшысының жас кадрлардан көңілі қалғаны себепті болуы мүмкін. ...

Толығырақ »

Facebook адамның ойын анықтай алатын болады

Facebook адамның ойын анықтай алатын нейрокомпьютерлі технология құрастырып жатыр. Бұл туралы Марк Цукерберг сұрақ-жауап сессиясында айтты деп хабарлады egemen.kz Business Insider-ге сілтеме жасап. «Менің ойымша, біз болашақта бір-бірімізге компьютерлі технологиялар арқылы ойымызды жіберу арқылы хабарласа алатын боламыз. Сіз бірдеңе ойласаңыз болды, достарыңыз ол туралы біліп отырады» деді ол. 2016 жылдың ортасында Facebook Building 8 атты құпия зерттеу бөлімін құрды. Ол компьютер арқылы ...

Толығырақ »

Жылы аялдамалардың жаңа үлгісі орнатылады

Жолаушылар көлігі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, бүгінде жылы аялдамалардың үш эскизі бар. Соның барлығы қазіргі жылы аялдамаларға еш ұқсамайды. Қала әкімдігі барлық үлгілерді халықтың талқысына шығаруды жоспарлап отыр деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазіргі кезде жаңа үлгідегі аялдамалардың нақты сомасын айту қиын. Себебі, эскизі әлі бекітілген жоқ. Мәселен, ең үлкен павильонда жолаушылар отыратын жабық бөлме, сауда орны, ақылы ...

Толығырақ »

Ұлттық валюта бағамы 2,11 теңгеге өзгерді

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: — есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа   сараланған бағамы 332,09 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі —   26 750 мың АҚШ долларын құрады; — есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер   жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде   баға белгілеулер тіркелген жоқ; — есептесуі ...

Толығырақ »

Н.Назарбаев пен В.Путин телефон арқылы сөйлесті

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ресей Президентінің баспасөз қызметі хабарлады. «Алда Астанада өтетін Сириядағы жағдайды реттеу бойынша халықаралық кездесуге дайындық барысы талқыланды» деп атап өтеді хабарламада. Екіжақты ынтымақтастықтың кейбір өзекті мәселелері де сөз болды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада Сирия бойынша кездесу өткізу мерзімі осы күндері Анкарада өтетін консультация нәтижесіне тәуелді ...

Толығырақ »

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі қашан өтеді?

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой рингте қай салмақ дәрежесінде өнер көрсететіні белгілі болды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Даниярдың әкесі әрі жаттықтырушысы Марат Елеусіновтің айтуынша, әзірге келіссөздер ғана жүргізілген, ал келісімшартқа ақпан айында қол қойылады. «Кәсіпқой бокста бәрі басқаша. Спортшы бір ғана кездесуге дайындалады. Бір тәулік ішінде салмағын өлшеп, қайта қалпына келу жұмыстарымен айналысады. Ал әуесқой бокста таңертеңгі уақытта бір рет ...

Толығырақ »

ЭКСПО кезінде Астанаға 158 мың тонна азық-түлік әкелінеді

Астанаға 2017 жылы өңірлерден 158 064 тонна азық-түлік жеткізу жоспарланған деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. «ЭКСПО көрмесі қарсаңында қала әкімдігі өзге аймақтармен жеткізілетін өнімдердің көлемі бойынша келісімге келді. Облыстардың мәліметінше, қалаға 158 064 тонна азық-түлік жеткізілмек. Ол көліктерді қабылдау үшін екі арнайы алаң белгіленді»  делінген хабарламада. «Қазіргі кезде көрмені өткізу кезінде логистиканы ұйымдастыру мәселесі пысықталып жатыр. Тауардың белгілі бір ...

Толығырақ »

Қазақ қыздары Қытай азаматтарын қатты қызықтырады

Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше жəне Өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй қытай азаматы мен қазақ қыздарының арасындағы некеге қатысты ойын білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Екі ел азаматтары некелесіп жататын жайттар кездеседі. Қазақстанның көп азаматы Қытайға жұмыс бабымен немесе оқуға келеді де, Қытайда қалып қойып жатады. Қазақ мəдениетін дəріптеп жүрген адамдар бар, Қытай тұрғындары сол адамдар арқылы Қазақстанның салт-дəстүрімен таныса алады. ...

Толығырақ »