Қазақстанның сыртқы қарызы 165 млрд доллардан асқан

Қазақстанның сыртқы қарызы ұлғайып бара жатыр. Ұлттық банк сайтында жарияланған статистикаға қарағанда, былтырғы жылдың үшінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, ел берешегі 165 миллиард 364 миллион долларға жеткен. Бұл туралы baq.kz хабарлады.

 Еліміздегі халық саны 17 миллион 700 мың болса, жан басына шаққанда әр адамға 9343 доллардан келеді екен. Қазіргі уақытта квазимемлекеттік сектордың, яғни, мемлекет қаржысына тәуелді компаниялардың өзге елдерге қарызы — 22 миллиард доллар. Ол берешектің 6 миллиард долларын «Қазақстан Даму Банкі» алған. Қалған 17 миллиард доллар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорыныкі. Ондағы 60 пайыз қарыз «ҚазМұнайГаз» компаниясына, 20 пайызы «Қазақстан Темір жолына» тиесілі.
baq.kz

 

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *