Қостанайдың спорт кешенінде атыс ұйымдастырған кім?

Кеше кешке Қостанайдың «Трудовые резервы» спорт кешенінде атыс болды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Келушілердің бірі «Оса» травматикалық тапаншасынан өз қарсыласының басына оқ атқан. Қостанай облыстық ІІД бұл ақпаратты растап, мына мазмұнда хабарлама таратты: «19 жастағы Қостанай қаласы тұрғынының бұзақылық әрекеті фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Күдікті ұсталды. Қылмыс қаруы — «Оса» травматикалық тапаншасы тәркіленді. Сараптамалар басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға қажетті барлық тергеу шаралары жүргізілуде».

Жергілікті әлеуметтік желіде атыс куәгерлері өз пікірлерімен бөлісуде. Қолданушылардың бірі: «…екі спортшы шекісіп қалды, барлық бапкерлер шақырылды. Онда кішкентай баладан қарттарға дейін бір топ қауым болды. Полиция жарты сағат бойы ғимаратқа ешкімді кіргізбеді». Басынан жарақат алған спортшы Михаил Швец ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне төнген еш қауіп жоқ.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *