Monthly Archives: ақпан 2017

Қостанай облысында барлық жол жабылды

Боранға байланысты бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. «Қазақавтожол» РМК-ның мәліметіне қарағанда, бүгін сағат 13:30-дан бастап Қостанай облысының барлық аумағында көліктердің жолға шығуына тыйым салынды. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Ақтөбе облысында да бірқатар жол жабық тұр. Атап айтқанда, «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» жолының 92 шақырымындағы Қандыағаштан бастап, 330 шақырымдағы Атырау облысы шекарасы аралығында шектеу бар. Ал «Самара-Шымкент» жолының бойындағы ...

Толығырақ »

Елімізде жанармай бағасы өсті

Қазақстанда жоғары сұранысқа ие АИ-92 маркалы жанармайдың бағасы өсті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеттерінде АИ-92 бензинінің бағасы литріне 137-ден 139 теңгеге дейін өсті. Осында АИ-95 бензині 150 теңгеге сатылуда. ҚМГ-де құны бойынша бензин төмен бағамен өткізіліп келді. Бұдан бұрын бұл бекеттерде желтоқсанның басында литріне 128-ден 133 теңгеге дейін көтерілді, ал кейіннен 137 теңге деңгейінде қалыптасты. ...

Толығырақ »

Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі тағайындалды

ҚР Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары-ресми өкілі тағайындалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Евгений Кочетов ҚР АКМ ОКҚ директорының орынбасары-ресми өкілі, осы уақытқа дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитеті Қоғаммен байланыс жөніндегі басқарма басшысы қызметін атқарған Жұманбай Мұратты ұжымға таныстырды. Жұманбай Мұрат 1983 жылы 18 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2004 жылы ...

Толығырақ »

Елбасының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі өтуде

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Үкімет үйінен. Жиынды Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев ашты. Үкімет басшысы Президентке жыл басынан бері мемлекет үшін маңызды істер жасалып жатқанын мәлімдеді. «Сіздің осы аптада жариялаған халыққа Жолдауыңыз бойынша қажетті жұмыстар мен шараларға кірістік. Осыған байланысты Үкіметтің арнайы отырысын өткізіп, экономиканың дамуы үшін жаңадан нақты жоспарлар құрдық. Жолдауда жарияланған ...

Толығырақ »

Елімізде Туризм индустриясы комитеті құрылады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан Туризм индустриясы комитеті құрылады. Бұл туралы Facebook парақшасында Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали жазды. Мәдениет және спорт министрлігінде туризм саласын дамыту мәселелері, сондай-ақ, туризм бойынша уәкілетті органдардың қызметін нығайту мен мәртебесін арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. «Жақын арада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан Туризм индустриясы комитеті құрылады. Арыстанбек Мұхамедиұлы елдегі туризм қауымдастығының өкілдерімен ...

Толығырақ »

Қостанайда тергеудің заңсыз тәсілдері азайды

Өткен жылдың бірінші жартысында Қостанай облыстық прокуратурасына тергеушілердің азаптағаны туралы 28 арыз түссе, екінші жартысында 4 арыз түскен, ол да тергеу нәтижелері бойынша расталмаған. Бұл туралы облыстық прокуратураның жыл қорытындысы бойынша өткен алқа мәжілісінде айтылды. Мұндай нәтижеге  облыстық прокуратура «Азаптауға жол бермейміз» жобасын жүзеге асыру арқылы қол жеткізген. 2012-2014 жылдары БҰҰ комитетінің шешімдері бойынша облыстың екі тұрғыны 2007-2008 жылдары жасалған ...

Толығырақ »

Қайсысы тиімді: жалға алу, әлде ипотека?

Homsters.kz компаниясының сарапшылары жалға берілетін баспана ұсыныстары мен жылжымайтын мүлікті несиемен алу шарттарын салыстырып шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мамандардың пікірінше, жалға берілетін апартаменттерде тұру тиімдірек, бірақ қысқа мерзімде ғана. «Пәтерді жалға алған дұрыс па, сатып алған дұрыс па?» деген жиі қойылатын сұраққа баспана жалдау мен ипотекалық несие алу шығындарын салыстыра отырып жауап табуға болады» дейді компания сарапшылары. Сарапшылар мысал ретінде Алматының ...

Толығырақ »

Азық-түлік бағасы аспандап кетті

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 1,2%, азық-түлік емес тауарларына 0,7%, ақылы қызметтерге 0,4%-ға өсті. Өткен айда бағаның өсуі картопқа 6,9%, жаңадан жиналған көкөністерге 6,7%, жаңадан жиналған жемістерге 1,7%, сиыр етіне 1,5%, консервіленген сүтке 1,3%, мәйекті ірімшікке 1,2%, қара шайға 1,1%, сары майға 1%, кондитерлік өнімдерге 0,9%, құс етіне 0,8%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қантқа, қарақұмық жармасына 0,8%-дан, жұмыртқаға 0,2%-ға тіркелді. Баға өсімі ...

Толығырақ »

Qazkom бизнеске несие беруді бастайды

Qazkom Даму қорының бес жаңа арнайы бағдарламалардың негізгі операторы ретінде Астана мен Алматының шағын және орта кәсіпкерлеріне несие бере бастады. Бұл бағдарламаларды іс-жүзіне асыру үшін Даму қорымен бөлінген 5 млрд теңгенің 3,7 млрд теңгеге жуығы Қазкоммерцбанктің клиенттеріне берілетін болады деп мәлім етті банктің баспасөз қызметі. Бұл қаражат банкке 7 жылдық мерзімге ақылы әрі қайтарылмалы түрде берілді. Бұл бағдарламалардың ерекшелігі бизнестің ...

Толығырақ »

Пәкістан премьер-министрі Н.Назарбаевты Исламабадта өтетін саммитке шақырды

Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістанның премьер-министрі Наваз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, сондай-ақ, Пәкістанның премьер-министрі 2015 жылдың тамызында Қазақстанған сапары барысында жеткен жетістіктерінің қорытындысына ризашылығын білдірді. «Қазақстан Президенті мен Пәкістанның премьер-министрі бір-бірін Қазақстан мен Пәкісттанның 25 жыл бойы дипломатиялық қарым-қатынаста болуына байланысты құттықтады. Шариф Қазақстан Президентін биыл наурыз айында Исламабадта өтетін ...

Толығырақ »