Қостанай облысында барлық жол жабылды

Боранға байланысты бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.

«Қазақавтожол» РМК-ның мәліметіне қарағанда, бүгін сағат 13:30-дан бастап Қостанай облысының барлық аумағында көліктердің жолға шығуына тыйым салынды. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта Ақтөбе облысында да бірқатар жол жабық тұр. Атап айтқанда, «Ақтөбе-Атырау-Астрахан» жолының 92 шақырымындағы Қандыағаштан бастап, 330 шақырымдағы Атырау облысы шекарасы аралығында шектеу бар. Ал «Самара-Шымкент» жолының бойындағы Ақтөбе мен Қобда аралығында да қатты борын көлік қоғалысына тосқауыл болды. «Ақтөбе-Орынбор» автожолының 8-99 шақырымындағы Ақтөбе қаласы мен РФ шекарасы учаскесі жабық. Мұнымен қоса, «Ақтөбе-Орск» жолының 17-135 шақырымындағы Пригородный 2 мен Ресей шекарасы аралығында барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *