30 мың қазақ кері көшуі мүмкін…

 

немесе Қазақстанға қоныс аударған отыз мың қазақтың жан айқайы!

Қазақ елі Егемендік алғаннан кейін Әлемге тарыдай шашылған қазақтар ата-жұртқа оралып, бір шаңырақ астына жинала бастады. Бүгінде төрткүл дүниенің төртбұрышынан 1 миллионға жуық қандастарымыз оралғаны жайлы статистика бар. Соның ішінде Қытайдан 400 мыңға жуық қазақ Қазақстанға қоныс аударыпты. Олардың көбі азаматтық алғанымен, бір бөлігі екі мемлекет арасында ыхтияр хатпен (вид на жительство) жүр. Елге оралған Қытай қазақтарының 30 мыңнан астамы Қытай халық Республикасына еңбектері сіңген зейнеттегі экс-мемлекет қызметкерлер, әр саладағы өнер, спорт, медицина, білім, ғылым қайраткерлері. Екі мемлекет арасында көші-қон заңы нақты бекітілмегендіктен осы қазақтардың Қытайдағы еңбек өтілі Қазақстанда саналмайды. Ал, негізгі мәселеге көшсек, 2017-жылдан бастап, ҚХР СУАР әр аймақ, облыстардың жекелеген арнайы тәртібіне сәйкес, ҚР азаматтығын қабылдаған және ыхтияр хатын алған азамат-азаматшалар бұл құжаттардан 2 ай мерзімі ішінде бас тартпаса зейнеткерлер зейнетақыларынан, диқандар жер-мүлкінен толықтай айырылады деген ереже қабылданып отыр. Негізінде, ҚХР-ның шетелдегі қытайлықтар жайлы арнайы заңында, «Зейнетке шыққан кез-келген Қытай азаматы қай елге қоныс аударып, сол елдің азаматтығын қабылдаса  да зейнетақысы тұрақты беріле береді» деген арнайы қаулысы да бар. Бірақ жергілікті Қытайлық органдар оны ескерместен, «Бас ал десе, шаш алып» қазақтарды қиын жағдайға тіреп отыр. 5 миллионнан астам таза қытайлық өзге елдің азаматтығын қабылдаса да зейнетақыларын тұрақты алуда.  Сонда не себепті 30 мың қазақтың зейнетақысы ҚР азаматтығы мен ыхтияр хатын  алғандығы себепті тоқтатылуы керек?! Бұл ҚХР СУАР аумағындағы лаңкестік мәселесіне қатысты ішкі саясат пен тұрақтылыққа байланысты болуы мүмкін.  Дей тұрғанмен, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының көп жылдық саяси-экономикалық, тарихи достығын есепке алсақ, қашанда бейбітшілік пен тұрақтылықты қалап, тыныш жүретін қазақтардың осындай саясаттың құрбаны болуы әділдік пе?! Өздерінің көп жылдық еңбектеріне сай алатын зейнетақыларынан, жекеменшік жер-мүлкінен неге  мәжбүрлі түрде бас тартулары керек?

Сурет Экспресс кз сайтынан алынды

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында мектеп оқушыларының 27,3%-ы қазақша оқиды

Қостанай облысы — түрлі салаларды дамытуда әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Сондықтан ел экономикасына елеулі әсер ...