Қазақстан ардагерлері ең қомақты жәрдемақы алған

Биыл ІІ Дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге бір реттік ақшалай жәрдемақы беру бойынша Қазақстан топ бастап тұр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА currenttime.tv сайтына сілтемемен хабарлайды.

Телеарна мәліметі бойынша, әр қазақстандық ардагерге $1570 берілген. Бұл Ресейдегі ардагерлер алған бір реттік жәрдемақыдан 10 еседей көп. Айта кетейік, биыл РФ ардагерлеріне 171 доллардан берілген. Бұл тізімде 7-ші орынды иеленіп отырған көрсеткіш. Тізімнің ең соңында Украина мен Түркіменстан тұр. Онда ардагерлер $45 және $26 көлемінде жәрдемақы алған. Ал екінші орынды Әзербайжан иеленген. Бұл елде соғыс ардагерлері $600 алған. Үздік үштікті Тәжікстан түйіндеген — 340$. Толық тізім жоғарыдағы суретте анық көрініп тұр.

inform.kz

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *