Астанада өмір сүру қымбаттады

Ағымдағы жылы елордада өмір сүру күрт қымбаттап кетті. Бір жылдың ішінде тұтыну бағасының өсімі 13,2 пайызды құрады. Дегенмен Қазақстандағы инфляция қарқыны осы жылдың ішінде біршама баяулап отыр деп хабарлады ranking.kz.  Бұл туралы tobyl-torgai.kz хабарлайды inform.kz-ге сілтеме жасап.
Ағымдағы жылы елімізде негізгі тұтыну тауарлары мен қызметтердің бағасы төңірегіндегі жағдай 2016 жылмен салыстырғанда біршама тұрақты. Осымен екінші ай қатарынан елдегі инфляция көлемі 0,5 пайыздан асқан жоқ. Салыстыру үшін айтар болсақ, 2016 жылдың сәуірінде Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы 0,6 пайызға өскен болатын. 2017 жылдың бірінші тоқсанында азық-түлік өнімдерінің, азық-түлік емес тауарларының және ақылы қызметтердің бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,7 пайызға артты. Бұл өткен жылғы тұтыну бағаларының өсім деңгейінен (15,4 пайыз) шамамен 2 есеге төмен. Ағымдағы жылы азық-түлік тауарлары бағасының өсімі қарқынды бөліп, 2016 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 9,5 пайызды құрады. Дәл осы кезеңде азық-түлік емес тауарлар құнының өсімі 8,7 пайыз болса, ақылы қызметтер 4,8 пайызға қымбаттап отыр.

2017 жылы Астанада негізгі тауарлар мен қызметтердің бағасы 2016 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 9,2 пайыз өсім көрсетті. Оның ішінде азық-түлік өнімдері мен шырындар бағасы 13,2 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 11,7 пайызға, ақылы қызметтер 2,2 пайызға қымбаттады. Осыдан бір жыл бұрын да елордада тұтыну тауарлары мен қызметтердің бағасы айтарлықтай өсім көрсеткен болатын. Азық-түлік өнімдері мен шырындар басқа өңірлерге қарағанда Астанада тез қымбаттап (осыдан бір жылғы деңгеймен салыстырғанда +13,2 пайыз) жатыр. Ал ең төмен көрсеткіш (+7,8 пайыз) Маңғыстау облысында тіркелген. Азық-түлік емес тауарлардың бағасы да Астанада жылдам қымбаттап отыр, ал ақылы қызметтердің ең үлкен өсімі ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарында 7,6 пайыздық деңгейде тіркелген. Астанада болса ақылы қызметтер жыл басынан бері 2,2 пайызға қымбаттай түскен.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *