Бетбақдаладағы киіктер популяциясы Қостанай өңіріне оралады

2015 жылы еліміздің үш аймағында орын алған бетбақдалада 150 мыңға жуық киіктің қырылу оқиғасынан кейін, жануарлар Қостанай облысының территориясына қайтып оралады деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
2015 жылғы пастереллезден жаппай қырылуы кезінде жануарлардың 61% жойылды. Облыстық орман және аң шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Селімхан Молдағұловтың мәлімдеуінше, биылғы жылғы жағдай айтарлықтай оңалған. «Біз Орман және аң шаруашылығы комитетінің тапсырысымен киіктер есебі бойынша жұмыс жүргіздік. Зерттеу нәтижесі маусым айында хабарланады. Алайда, облыстар бойынша алдын-ала көз мөлшермен есептейтін болсақ, былтырғы жылмен салыстырғанда жағдай әлдеқайда жақсы. Өйткені өткен жылдың осы уақытында облыс территориясынан бірен-саран киік байқалса, биылғы жылы жануарлардың 15-20 басының топ болып жүргенін аңғарамыз», — дейді Селімхан Молдағұлов.

Сондай-ақ, мамандар өңірдегі жануарлардың жаппай төлдеуін күтіп отыр, бұл науқан басқа аймақтарда әлдеқашан басталып та кетті. «Батыс Қазақстанда жаппай төлдеу жүріп жатыр. Қостанай облысында бұл үрдіс әзірге кешігіп жатыр. Бұған ауа-райының жағдайы себеп болуы мүмкін. Жануарлардың төлдеу науқанын асыға күтіп отырмыз», — дейді облыстық орман және аң шаруашылығы территориялық инспекциясы басшысының орынбасары.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *