Қостанайда қаңғыбас иттер қауіп төндіруде

Қостанайда осы жылдың қаңтары мен мамыры аралығында көше кезген 468 қаңғыбас ит ауланыпты. Соған қарамастан 100-ден астам адам дәрігердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Облыс орталығында қараусыз қалып, қала көшелерін торитын қаңғыбас иттерді аулау жыл өткен сайын өзекті мәселелердің қатарында қалып отыр. Биыл қалалық әкімдік осындай адам өміріне қауіп төндіріп тұрған иттермен күресуге 6 млн теңге бөліпті.
«Жылдың басынан бастап қала көшелерін торып, тұрғындарға қауіп төндірген 468 ит ауланып, көзі жойылған. Қаңғыбас иттердің басым бөлігі жеке тұрғын үйлер орналасқан аумақтарда ауланған. Қазіргі таңда бұл жерден — 103, «Батыс» шағын ауданынан — 96, шаһардың оңтүстігінен — 95, орталықтан — 84, сондай-ақ, солтүстік батыс ауданнан — 2, сонымен қатар15 ит Амангелді, 13 ит Дружба ауылдарынан ауланды. Аталмыш бағытағы жұмыстар жалғасып жатыр», – дейді Қостанай қаласы әкімдігі ветеринария бөлімінің басшысы Қайрат Кайнулин.

Қаладағы қаңғыбас иттерді аулаудың 2 түрлі жолы қолға алынып отыр. Ол тұрғындардың «109» нөміріне хабарласып, өтініш түсіргенде немесе арнайы құрылған бригадалар қала көшелеріне рейдке шығып, көше кезген иттерді анықтайды.

Қала басшылығының басын ауыртатын мәселенің біріне айналған бұл жағдайды түбегейлі шешудің өзі мүмкін болмай тұрғаны жасырын емес. Мәселен, жылдар бойы қаңғыбас иттерге қарсы жүргізілген жұмыстар көзге көрінбей қалуда. Оның басты себебін олар тұрғындардың өздерінен көруде. Олар жұртшылық осы төрт аяқты адамның досын басында асырап алып, кейін көшеге қаңғыртып жібереді деген уәжді алға тартады. Ал, бұл жерде қала тұрғындарының өзіндік пікірі бар.

«Бұл жерде бәріне кінәлі тұрғындар дегенге мен мүлдем келіспеймін. Керісінше осы қаңғыбас иттерге қарсы жүргізілетін жұмыстарды жандандыру керек. Бұл иттерден әсіресе таңертең және кешке өте қорқамыз. Себебі, олар топтасып алып, көшеде кетіп бара жатқан адамдардың соңынан қалмайды. Енді ойлап қараңыз, осы уақыт – біздің балаларымыздың мектепке барып келетін сәттері. Топтасқан иттер балаларымызға шабуыл жасаса не болды? Бұл бізден басқа ешкімді де мазаламайды. Сондықтан, балаларымызды өзіміз жетектеп мектепке апарып, алып келіп жүрміз», – дейді қала тұрғыны Алена Навицкая.

Қаңғыбас иттердің қала тазалығына да кедергі келтіретін тұстары бар екен. Олар қоқыс жәшіктерін қопарып, барлық қалдықтарды көшелерге шашып тастайды деп дабыл қағып отыр шаһар тазалығына жауапты мекемелер.

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *