Ертең «Жұлдызды жол» олимпиадасы жол тартады

«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын мектеп жасына дейінгі балалардың арасында «Жұлдызды жол» қалалық интеллектуалдық олимпиадасын ұйымдастырады. Дәстүрлі түрде өткізілетін қалалық бұл олимпиада 18 мамырда, яғни, ертең №79 «Шабыт» және №53 «Мерей» балабақшаларында болады деп хабарлайды www.tobyl-torgai.kz тілшісі.

Олимпиаданың мақсаты — мектепке дейінгі ұйымдардың білім рейтингін көтеру, балаларды мектепке дайындау жоспары аясында олардың шығармашылық қабілетін және интеллектуалды іс-әрекетке қызығушылығын дамыту мен анықтау.

Сондай-ақ әр балаға өзінің білім, білік дағдыларын еркін көрсете білуге, интеллектуалдық қабілетін көрсетуге, өзінің әр түрлі қызығушылығын ашуға  мүмкіндік береді.

Олимпиадаға 5-6 жастағы балалар қатысады. Финалдық кезең ертең №79 «Шабыт», ал 19 мамырда №53 «Мерей»  балабақшалары  базасында өтеді.

Қатысушылар  мектепалды дайындық  бағдарламасы бойынша «Жұлдызды бекеттерге» тоқтап, тапсырмалар орындайды:

«Көгілдір жұлдыз» — тіл дамыту

«Сары жұлдыз»-сауат ашу

«Қызыл жұлдыз» — математика және логика

«Жасыл жұлдыз» — айналадағы қоршаған ортамен таныстыру.

Әр бекет бойынша қатысушыға 3 тапсырма беріледі, бала өз бетімен жауап береді.

Әр тапсырма 5 балдық жүйемен бағаланады, әр бекетте жоғары жиналған балл — 15 болады, ал барлық «Жұлдызды бекеттер» қорытындысы бойынша 60 балл жиналуы тиіс.

www.tobyl-torgai.kz

 

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *