Астанада пәтер жалдау ақысы аспандайды

Астананың риэлторлары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу кезінде сұраныс артатынына байланысты пәтерді жалға алу ақысын көтеруге дайындалып жатыр.Informburo.kz журналисі Астанада пәтерлерді тәулікке жалдау туралы бірнеше хабарландыруға мониторинг жүргізіп көрген екен.

Бір бөлмелі пәтерді тәулікке жалға алу құны дәл қазір 10 мың теңге тұрады. Дегенмен риэлторлардың басым көпшілігі ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми ашылу салтанаты өтетін уақытта – 10-20 маусым аралығында Астананың Есіл ауданында бір бөлмелі пәтерді тәулікке жалға алу құны қанша болатынын айтудан бас тартқан.

kn.kz порталының аналитика қызметінің болжамынша, бұл кезеңде ЭКСПО-2017 көрме кешені аумағындағы бір бөлмелі пәтерді жалдау құны тәулігіне 20-25 теңгеге дейін өседі.

«ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы 40 шаршы метрден басталатын пәтерлер тәулігіне 20-25 теңге шамасында болады. Жалға берушілер арасында мұндай бағаны қазірдің өзінде белгілеп қойғандар бар. Оның өзі бір бөлмелі. Көрме әлі басталмағанына қарамастан туристер келе бастады. Арзандау пәтерлерге қатысты айтар болсам… мысалы, тәулігіне 10-15 мың теңгеге баспана табуға болады, бірақ өте қиын», — дейді аналитика қызметінің басшысы Анна Шацкая.

Сарапшы пәтер жалдауға сұраныстың өсуін Астанада қонақ үйлердің аздығымен байланыстырды. Оның үстіне елордалық отелдер туристерге тиімді шарттар ұсынбайтын көрінеді.

«Пәтер жалдауға қарағанда қонақ үйлерге сұраныстың төмен екені жасырын емес. Ол түсінікті де. Біріншіден, Астанада отель аз; екіншіден, ондағы сервис пен сапа көңіл көншітпейді; үшіншіден, елордадағы қонақ үйлердің көбісі қымбат. Қарапайым адамдарға арналған қонақ үйлер жоқ десе де болады», — деп толықтырды сарапшы.

Айта кетейік, ЭКСПО-2017 көрмесі Астанада биылғы жылдың жазында өтеді. Оған жүзден астам елден бірнеше миллион адам келеді деп жоспарлануда.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *