Елордада 1 маусымнан бастап пойыздардың кестесі өзгереді

Елордада 1 маусымнан бастап пойыздардың кестесі өзгереді 2017 жылғы 18 мамыр 11:08 405 АСТАНА. ҚазАқпарат — Жаңа «Нұрлы жол» вокзалының іске қосылуына байланысты 2017 жылдың 1 маусымынан бастап пойыздардың жаңа кестесі бекітілді, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. Бұл туралы tobyl-torgai.kz inform.kz-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа «Нұрлы жол» вокзал кешені 54 пойызға қызмет көрсетеді. Оның 22-і «Тұлпар-Тальго» жүрдек, 16-сы кәдімгі және 16-сы қала маңы пойыздары. Сонымен қатар, «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесі кезінде әртүрлі бағыттар бойынша қосымша 14 пойыз жолға шығады. Жаңа вокзалға дейін қала ішінде 2, 14, 32, 48, 50, 57, 201, 202, 500 және 505 автобустары қатынайды. Пойыздардың толық тізімі мен жүру уақыты temirzholy.kz сайтында жарияланған.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *