ЭКСПО-қалашықта робототехникадан ұлттық чемпионат өтеді

3-4 шілде күндері ЭКСПО қалашығындағы Конгресс-орталықта «World Robot Olympiad» деген атаумен робототехникадан республикалық жарыс өтеді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен үш жүзден астам мектеп оқушысы қатысады деп хабарлайды ҚазАқпарат «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына сілтеме жасап.
Ұлттық чемпионат — WRO робототехника бойынша халықаралық кезеңнің іріктеу бөлімі. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2014 жылдан бастап «World Robot Olympiad-тың» Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі болып табылады және осы шараны Зияткерлік мектептерде жыл сайын өткізіп келеді. Жарыс жеңімпаздары арасынан 2017 жылғы 10-12 қарашада Коста-Рикада өтетін WRO-2017 халықаралық олимпиадаға баратын ұлттық топ қалыптастырылатын болады. Жоспарға сәйкес, робототехника бойынша ұлттық чемпионаттың ашылуына ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Астана ЭКСПО-2017» басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «LEGO Education» компаниясының ТМД бойынша өкілдігінің директоры Ольга Ломбас, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқармасының төрайымы Күләш Шәмшидинова, Парламент депутаттары мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысатыны күтілуде.

Мынаны да қараңыз

Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штаб отырысы өткізілді деп хабарлайды ҚазАқпарат. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *