Қостанайлық 10 жасар баланың өлімі: Істің адам шошырлық мән-жайы анықталды

Қостанайда өлі табылған 10 жастағы Ришат Харикоғлыға қатысты жаңа деректер пайда болды деп хабарлайды «Костанайские новости» басылымы. Басылымның мәліметінше, полицейлер бұл қайғылы оқиғадан криминалдық деректерді анықтады. Тергеу барысында бала суға батып кеткен сәтте өзі болмағаны белгілі болды.
Еске салайық, Ришат Харикоғлы 24 маусымда «Садовод-Строитель-КСК» саяжайында жоғалған. Мұнда ол туыстарына қонаққа келген. Баланы үш күн іздестірген, кейіннен полицейлер баланы Тобыл өзенінен өлі күйінде тапқан болатын. Ришаттың өзенге үш досымен бірге барғаны анықталды. Бала батып бара жатқан сәтте досы оған көмектеспек болған, бірақ, өкінішке қарай, ол Ришатты құтқара алмаған. Содан, балалар қорыққандарынан оның киімдерін көміп тастап, бұл жағдай жайлы ешкімге ештеңе айтпаған. Үш күн бойы үн-түнсіз жүрген. Прокуратура өкілдері балаларды ювеналдық полицияға есепке қойғандарын және оларға қатысты басқа жаза қолданбайтынын айтып өтті. «Олардың әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ, себебі, олар бұл қылмыстың субъектісі емес. Кәмелетке толмаған балалардың түсініктемелеріне қарағанда, мұнда қасақана адам өлтіру немесе оны суға батырып жіберу дерегі жоқ», — деді Қостанай қалалық прокурордың орынбасары.
kstnews.kz

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *