Мұхамбетов мешітке барды, Сүндетәлин шырылдап отыр…

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың жұмысына риза болып, өңірдегі жағдайды айтып берген ауыл әкімі «таяқ жеп жатыр» деп хабарлайды  nur.kz.

Сарыкөл ауданына қарасты Тегіл селолық округының әкімі Сағымбай Сүндетәлин облыста жаңа мешіт пен көпірдің салынғаны, жол құрылысының қарқынды жүріп жатқаны жаңа әкімнің бастамасы екенін айтқан еді. Сонымен қатар ауыл әкімі Архимед Мұхамбетовтың жұмада мешітке барғанын да қуанышпен жеткізген. Алайда, басшылыққа бұл ақпарат жақпаған секілді. Ауыл әкімі бірден облыс орталығына шақырылған.

«Енді мені жұмыстан шығарайын деп жатыр. Маған түсініктеме жазғызды. Мен жұмыстан айырылып қалайын деп тұрмын», — дейді Тегіл селолық округының әкімі Сағымбай Сүндетәлин.

Өңір басшылығы ауыл әкімін сырттан келген адаммен рұқсатсыз сөйлескені үшін де айыптаған.

«Сен неге облыс әкімі туралы айтасың? Сен ол үшін неге жауап бересің? Сырттан келген кісі туралы бізге неге айтпайсың? Оны айтуға қандай хақың бар?» деп мені айыптап жатыр. Енді қалай болады?» — дейді Сағымбай Сүндетәлин.

nur.kz

Мынаны да қараңыз

Жітіқара ауданы аумағында санитарлық бекет қойылды

Бүгін Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы «Желқуар» шекаралық комендатурасында санитарлық бекет қойылды. Облыстық Тауарлар мен қызметтердің ...

2 пікір

  1. Айтуған, Қостанайдан

    Мұхамбетовтің мұнысы жарамаған екен. Анау байғұс әкім жағымпазданғысы келген шығар, онда тұрған не бар? Әлде мешітке барып, намаз оқитынын жасырғысы келетініне қарағанда, сәлафи сынды ағымның бірінің мүшесі ме екен?

  2. ситора

    жақсының жақсылығын айт деген, онда тұрған не бар. соншама қудалайтындай ботиына тиіскен жоқ қой. демократияның түрі осыма, қит етсе ауыз аштырмайды, ашсаң болды, артыңнан шам алып жүгіреді. сұмдық қой бұл

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *