Рудныйлықтар жаңа пәтерлерге ие болды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жаңа баспанаға қол жеткізген рудныйлықтарды қоныс тойларымен құттықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа үйдің құрылысын «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ мен Еуразиялық топ (ERG) кәсіпорны жүргізді. Өзара келісілген тұрғын үй бағдарламасына сәйкес, жаңа пәтерлер «Соколов-Сарыбай» кен өндіру басқармасы (ССКӨБ) қызметкерлеріне берілді.
Жас отбасылардың шаңырағына бас сұққан аймақ басшысы үй иелерінің тыныс-тіршілігімен танысты. Жұмыс барысы мен табысы, жалпы жас мамандарға жасалып жатқан жағдайларға қаныққан Архимед Бегенжанұлы үй иелеріне сый-сияпат жасады.
— Бұл үйдің қасбеті жаңа, жайлы әрі жақсы абаттандырылған. Балалар және спорт алаңқайлары бар аула үйдің кішкентай тұрғындары үшін сүйікті демалыс орны болатындығына сенімдімін. Алдағы уақытта Eurasian Resources Group «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бірнеше тұрғын үйдің құрылысын қолға алмақ, — деді ССКӨБ АҚ президенті Береке Мұхаметқалиев.
Соңғы бірнеше жыл бойы Еуразиялық топ өз қаражатының есебінен 10 млрд теңгеге үш мыңға жуық отбасын пәтермен қамтамасыз етті. Енді, міне, тағы 90 қызметкер қоныс тойын тойлады.
Рудныйдағы Сандригайло көшесіндегі №63/1 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Баспана әуелі кезекте тұрған жас мамандарға беріле бастайды. Үй ауласында спорт және ойын алаңдары орналасқан.
Батыр ЖОЛАЙҰЛЫ 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *