Monthly Archives: қаңтар 2018

Торғайда колледж ашылады

Жангелдин ауданы орталығы Торғай селосында көпсалалы колледж ашылады. Бұл туралы аудан әкімі Шота Оспановтың халық өкілдерімен есеп беру кездесуінде айтылды  деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс орталығынан шалғай орналасқан Жанкелдин ауданы жылды жақсы жаңалықтармен бастады. Жақында Торғай ауылында көпсалалы колледж ғимаратының құрылысы аяқталады. Осылайша, биылғы 1 қыркүйектен бастап 9-сыныпты бітірген оқушыларға кәсіптік білім алуға мүмкіндік туады. Бұған қоса өңірде заманауи спорттық 3 ...

Толығырақ »

Күн қашан жылынады?

Синоптиктер күн қашан жылынатынын айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, 29 қаңтардан 30 қаңтарға дейін аяз Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында босаңсып, аптаның аяғында ауа температурасы -35-41 градустан -15-23 градусқа дейін, түнде -25-33 градустан -7-15 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік аймақтарда түнгі температура -21-35 градустан -5-13 градусқа, күндіз -15 -2-ден -2 ...

Толығырақ »

Қостанай облысында Цифрландыру жөніндегі басқарма құрылады

Жақында Қостанай облысында Цифрландыру жөніндегі басқарма өз жұмысын бастайды. Бұл туралы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына арналған жиында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Архимед Мұхамбетов атап өткендей, Елбасы өз Жолдауында он нақты міндетті атай отырып, өнеркәсіп, көлік, білім беру және басқа да салаларға бүгінгі заманның озық технологиясын енгізуге ерекше міндет жүктеді. «Сол себепті, біз осы бағытта жұмыс ...

Толығырақ »

Коммуналдық қызметке төлегенде ақшаны қалай үнемдеуге болады?

«Крыша» басылымы YouTube хостингіндегі арнасында коммуналдық қызметке төлегенде ақшаны қалай 50 пайызға дейін үнемдеуге болатыны жайлы видео жариялады. Видеода бастапқыда түбіртекті мұқият қарап шығуға кеңес беріледі. «Түбіртекте мүлде төлемей-ақ қоюға болатын пункттер көрсетілуі мүмкін: анықтама қызметі, бос жұмыс орындары жайлы мәліметтер, заңгер кеңесі, жылжымайтын мүлікті сақтандыру, құтқару қызметі. Мұны адам өз еркімен төлегісі келсе ғана төлейді. Сондықтан да сіз көрсетілген ...

Толығырақ »

Мейіржан МЫРЗАЛИЕВ, Қостанай облысы әкімінің орынбасары: Аймақтың гүлденуіне әрдайым батыл қадамдар жасауға дайынбыз

Бір жыл бұрын Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің бесінші орынбасары етіп Мейіржан Мырзалиевті тағайындағаны белгілі. Аймаққа инвестиция тартып, экспорттық әлеуетті арттыру һәм кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарына тікелей жауапты Мейіржан Иябайұлы «Қостанай таңы» газетінің сауалдарына жауап берген екен. Соны «Тобыл-Торғай.кз» сайтының оқырмандарына ұсынуды жөн көрдік. — Мейіржан Иябайұлы, сізге дейін бұл бағытқа жауапты жеке адам болмады, жаңадан ашылған лауазым. Демек, тыңнан ...

Толығырақ »

Наушабайдың Нұржаны

Қаңтарда қарсы желге ұшқан — дауылпаз ақын Нұржан Наушабаев 1856 жылы бұрынғы Николаевск уезі (қазіргі Қостанай) ауданында туған. Руы — ұзынқыпшақтың ішінде құттық. Жасында мұсылманша оқып білім алған, кейіннен Троицкідегі медресені бітіріп шыққан, орысша-қазақша сауатты болған. Нұржан әнші, ақын, күйші, сері, палуан, яғни бір басына жетерлік «сегіз қырлы» өнері болған көрінеді. Нұржанның басындағы осыншама өнерді ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин ерекше ...

Толығырақ »

Ыбырай Алтынсарин туралы тың деректер

Істің болар қайырлы, Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап, Мал — дәулеттің байлығы Бір жұтасаң жоқ болар, Оқымыстың байлығы Күннен күнге көп болар, Еш жұтамақ жоқ болар. ******* Әлпештеген ата-ана, Қартаятын күн болар, Қартайғанда жабығып, Мал таятын күн болар, Атамаған жүреді, Ата-анаң қартайса — Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса — Сүйеу болар бұл оқу. Бұл бүкіл Қазақ даласын ...

Толығырақ »

Қостанай облысының аудандарында ІТ-мектептер ашылатын болады

Қостанай облысының аудандарында IT-мектептер ашылады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында мәлім етілді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Қостанай қаласында IT-мектеп 1 қыркүйектен бастап пайдалануға берілетіні белгілі. Ол «Озат» дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының базасында құрылады. «2018 жылы білім саласына баса назар аударамыз. Бірнеше әлеуметтік нысан жөнделеді. Өздеріңізге белгілі, елімізде цифрландыруға байланысты ірі жобалар қолға алынады. Мәселен, ...

Толығырақ »

Қостанайда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 4,2%-ға артқан

Қостанайда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 4,2%-ға артқан. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген жиында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов мәлімдеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. Оның айтуынша, былтыр облыс бойынша барлығы 747,2 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді. «Бұл ретте жалпы өндіру көлемі 4,2%-ға өсті. Ал жан басына шаққандағы индекс көлемі — 104,2%. Ауыл шаруашылығында бұл көрсеткіш ...

Толығырақ »

Өз әпкесін қойша бауыздаған кім?

Жантүршігерлік оқиға Қостанай облысындағы Қарабалық ауданында өткен жылдың желтоқсан айында — 24-нен 25-не қараған түні болған. 25 желтоқсанда шамамен 22:00-де Қарабалық АІІБ кезекші бөліміне Славенка ауылының тұрғыны қоңырау шалған деп хабарлайды alau.kz Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әйел адам полицейлерге Славенка ауылының тұрғыны — 45 жастағы әйелдің өлі денесі табылғанын айтқан. «Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабының 2-бөлігі ...

Толығырақ »