Қостанай облысы астық жинау науқанын аяқтады

Қостанай облысының шаруалары астық жинау науқанын аяқтады. Биыл орташа өнімділік гектарына 12,8 центнерді құрады. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сембай Сағандықов хабарлады.
Жалпы, биыл 5 млн 214 мың тонна астық жиналған. Орташа түсімділік 12,8 центнерді құраған, 2017 жылы бұл көрсеткіш 12,5 болған.
«Әр жылы егін жинау науқанының өз ерекшелігі болады. Жалпы, осы жылды жақсы аяқтап жатырмыз. Түсімділік өткен жылдардан жоғары» деп атап өтті С.Сағандықов.
Сондай-ақ ол нарықтағы баға да жақсы екенін, 28-ден аса дән уызы бар бидайдың бағасы 55 мың теңгеден асатынын айтты.
«4 класы 47-50 мың аралығында. Астықты мемлекеттік сатып алуға шығармауы да мүмкін. Себебі, өткен жылмен салыстырғанда бағалар қолжетімді. Бірақ, көптеген шаруалар бағаның өсетініне үміттеніп, астықты сатпай отыр» деп мәлімдеді басқарма басшысы. 

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...