Tag Archives: Астық

Қостанайда астық қоймасына найзағай түсті

Қостанайдағы астық қоймасын найзағай жарып жіберді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылғы 1 тамызда сағат 21.50 шамасында «Компания САЛАМАТ» ЖШС диірмен кешенінің аумағында құрылыстар құлады. Алдын ала ақпараттарға сәйкес құрылыстарға найзағай тиген. Бұл жағдай авария ретінде тіркелді, — деп мәлім етті ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында ...

Толығырақ »

Нан бағасы 85 теңгеден аспайтын болады — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысында бірінші сұрыпты ұнның наны 85 теңгеден асырылмайды. Бұл туралы аппарат мәжілісінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Өткен жаздың қолайсыз ауа райы облыстағы астық өндіру көлеміне айтарлықтай әсерін тигізген. Оның үстіне бидай бағасы Ресей Федерациясында 15 пайызға дейін төмендеп кеткен. Соның салдарынан тоннасына 60 мың теңгеден сатылып келген ұн бағасы бірден ...

Толығырақ »

5,2 млн гектар алқапқа астық егіледі

Қостанай облысында көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары басталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, көктемгі егіс науқаны мамыр айының ортасына қарай басталады. Қажетті техникалар, құрал-жабдықтардың дайындығы пысықталуда. Егілетін тұқым жеткілікті, жанар-жағармай қоры да сақадай-сай. Оны үлестіру кестесі де бекітілген. «Осы жылы Қостанай облыстық ауылшаруашылық құрылымдары 5,2 млн гектар егіс алқабына дән сіңіреді. Соның ішінде 4,7 млн гектары жазғы ...

Толығырақ »

Қостанай облысы астық жинау науқанын аяқтады

Қостанай облысының шаруалары астық жинау науқанын аяқтады. Биыл орташа өнімділік гектарына 12,8 центнерді құрады. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сембай Сағандықов хабарлады. Жалпы, биыл 5 млн 214 мың тонна астық жиналған. Орташа түсімділік 12,8 центнерді құраған, 2017 жылы бұл көрсеткіш 12,5 болған. «Әр жылы егін жинау науқанының өз ерекшелігі болады. Жалпы, осы жылды жақсы аяқтап жатырмыз. Түсімділік ...

Толығырақ »

Астық ұрлағандарға аяушылық білдірмейді

Қостанай облысының диқандары күзгі жиын-терім жұмыстарына әзір. Бұл туралы облыс әкімдігінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен өткен жиында белгілі болды. Жиында алдағы егін орағына әзірлік барысы туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов баяндама жасады. Оның айтуынша, биылғы астықтың шығымы жаман емес деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Орташа есеппен алғанда гектарына 12-13 центнерден айналуы ықтимал көрінеді. Сондай-ақ өңір диқандары егіс ...

Толығырақ »

Қостанайда егін шығымдылығы жарты ғасырдан бері өспеген

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. Өйткені жаңа алымды тұқым сепкіш пен комбайн, жер өңдеу құралы бұрынғы бірнеше техниканың орнын алмастыра алады. Міне, осының есебінен жұмсалатын шығын көлемі қысқарып, бұл еңбектің өнімділігінің өсуіне ықпал етуде. Бірақ, өкінішке қарай, бұл жаңа техникалар еңбектің өнімділігін өсіргенімен, астық егістіктерінің шығымдылығын арттыруға әсер ...

Толығырақ »

Жанармайдың қымбаттығынан астығымызды өткізе алмай жүрміз — қостанайлық шаруалар

Қостанайлық шаруалар жинаған астықтарын нарықтық бағамен өткізе алмауда. Бұған жанар-жағармай бағасының қымбаттап кеткені себеп деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақстан фермерлер одағы» облыстық филиалының төрағасы Владимир Дранчукке сілтеме жасап. Бүгінгі күні шаруалар үшін басты проблеманың бірі астықтың нарықтағы бағамен өтпей тұрғаны болып отыр. Тіпті, Қостанайдағы әлеуетті деген кәсіпорындар 3-санатты бидайдың тоннасын 35 мың теңгеге сата алар емес. «Қазақстан фермерлер одағы» облыстық ...

Толығырақ »