Архимед МҰХАМБЕТОВ: Тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударып отырмыз

Бұдан да бұрын хабарлағанымыздай, бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Қостанай облысының 2018 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз-конференциясы өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, өңірде ағымдағы жылдың 9 айындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң серпіні байқалады. Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің көлемі 9,5% ұлғайса, металлургияда 18,6%, машина жасауда 15,7%, тамақ өнеркәсібінде — 5,4% өскен. Сондай-ақ өңдеу секторының үлесі өндірістің жалпы көлемінің 50% асқан.

Облыс орталығында алаңы 400 га «индустриалдық аймақ» құрылып жатыр. Облыс әкімі биылғы жылдың өзінде құны 3,3 млрд теңге тұратын 2 жоба іске қосылғанын хабарлады.

Индустриалдық аймақ құрудан басқа, Қостанай облысында Астанамен тікелей қарым-қатынасы бар Арқалық қаласында ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу кластерін құру жөнінен жұмыс жүргізіліп жатқан көрінеді.

«Арқалықтың экономикасын тау-кен өндіруден қайта өңдеуге бағдарлау мақсатында бордақылау алаңы бар қуаты 1000 тонна ет өңдеу кешені құрылысының жобасы іске асырылуда. Бұл өркендеп келе жатқан елорданың азық-түлік белдеуіне үлес қосады» деп атап өтті А.Мұхамбетов.

Баспасөз конференция барысында белгілі болғаны, Қостанай облысында агроөнеркәсіптік кешен өндірісінің орнықты өсімі қамтамасыз етілген. Индустриаландыру жылдарында облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде құны 78,5 млрд теңгеден астам 205 инвестициялық жоба іске асырылған, шамамен 4 мың жаңа жұмыс орны ашылыпты. Тек ағымдағы жылы ғана «Трансальпина» ЖШС және «AGRO-BIO-AULIEKOL» ЖШС-нің 2 құрама жем зауыты пайдалануға берілген.

Аймақ басшысы Қостанай облысы өңірге белсенді түрде инвестициялар тартылып жатқанын айтты. Мәселен, облыс экономикасына 10,6% өсімімен 166,1 млрд теңге инвестиция салынған.

Сондай-ақ Архимед Бегежанұлы Президенттің Бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуы барысынан жан-жақты хабардар етті. Облыста 2 мың студентке арналған 5 жатақхана құрылысы жоспарланған, шағын кредит беруді кеңейту үшін 4,1 млрд теңге қарастырылып отыр екен (қазіргі уақытта сомасы 2,8 млрд теңге тұратын 772 шағын кредит мақұлданды). 8 елді мекен газдандырылса (өткен 2 жылда), алдағы 2 жылда тағы 4 елді мекенге газ жеткізілетін болады.

Архимед Мұхамбетов Мемлекет басшысының еңбекақыны көтеру жөніндегі бастамасын көптеген кәсіпорын қолдағанын айтты. Еңбекақыны ұлғайту барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардың 36 мыңнан аса адамын қамтиды. Бұдан басқа, ең төменгі жалақыны көтерумен қатар, 200-ден астам ірі бизнес нысанында 35 мың жұмыскердің еңбекақысының өсуі күтіліп отыр. Сондай-ақ Президенттің екінші бастамасын іске асыру бойынша облыста 57,2 мың адамның салық жүктемесі азайтылатын болады.

«Қостанай облысында тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударылып отыр. Жыл басынан бері 17,0% өсімімен 227,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. «7-20-25» бағдарламасының шеңберінде 58 өтінім қарауға келіп түсті, олардың ішінде 45 өтінім мақұлданды. Бастапқы жарналарды жеңілдетілген ипотека бойынша ішінара субсидиялау үшін жергілікті бюджеттен 83,7 млн теңге бөлінді. Жалпы алғанда, жыл қорытындысы бойынша 352 кредит беру жоспарлануда» деді облыс әкімі.

Архимед Мұхамбетов Мемлекет басшысының мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмасының орындалуына жеке тоқталып өтті. Өңірде 17,0 млрд тенге сомасында 45 мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалса, жалпы инвестиция сомасы 27,0 млрд теңгеден астам қаражатқа 68 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Осының арқасында облыста «FutsalArena» спорт кешені, Қостанай қаласында күштік спорт түрлері академиясы, спорттық-көңіл көтеру кешені және футбол манежі салынды. Облыс орталығында 2,5 мың орынға арналған мұз айдыны сарайының және 50 метрлік бассейннің құрылысы басталды» деді аймақ басшысы.

Қостанай облысы цифрландыру мәселесіне де ерекше назар аударып жатыр. Ағымдағы жылы өңір агроөнеркәсіптік кешен мен медицинаны цифрландыруды енгізуге пилоттық болып таңдалған. Облыста Ақылды фабрика, май зауыты, құс фабрикасы, сүт және ет фермасы, техниканы бақылаудың ақылды жүйелері және тағы басқалары жұмыс істейді. Жалпы, облыстың медициналық ұйымдарында (51-дің 48-інде) DamuMed медициналық ақпараттық жүйесі енгізілген.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Қостанай облысының бизнесмендері, меценаттары және табысты тұрғындары сомасы 4,2 млрд теңгенің 153 әлеуметтік жобасын іске асырып жатыр. Нәтижесінде облыстың білім беру ұйымдары мен мекемелерінде 21 робототехника кабинеті, 24 ақпараттық технологиялар кабинеті ашылды, әлеуметтік саланың 45 объектісі жөнделді және қайта жаңғыртылды, 36 елді мекен абаттандырылды, тұрғын үйлер мен мәдениет нысандары салынды, 14 спорт және балалар алаңы ашылды» деді облыс әкімі.

Баспасөз конференция соңында Архимед Бегежанұлы жалпыға бірдей еңбек қоғамы, патриотизм мен әр тұрғынның туған елдің дамуына қосқан үлесі өңірдің ойдағыдай дамуының кепілі болып табылатынын атап өтті.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

Жаңа автожолдар киік көшіне қалай әсер етеді

немесе жануарлардың өліміне «Протон» зымырандарынан бөлінген улы гептил отынының әсері бар   Қазақстанда жаңадан салынатын ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *