Білім беру саласына сандық технологиялар енгізіліп жатыр

Биыл Қостанай облысында денсаулық сақтау және білім беру нысандарының интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 432,5 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде қалалық және ауылдық мектептердің 85 проценті, сондай-ақ, медициналық мекемелердің 93 пайызы интернет желісіне қосылатын болады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.

Сондай-ақ аймақтың білім беру ұйымдарын мультимедиялық және компьютерлік техникамен жабдықтау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, заманауи жабдықтармен және озық технологиялармен жабдықталған «Озат» ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты ашылды. IT мектепте сапалы білім беру қызметтерінің кең спектрі, нақты ғылымдар мен ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқыту, бағдарламалау дағдыларын дамыту, IT-технологияларды қолдану мәдениетін тәрбиелеу ұсынылады. Мектептің оқу корпусында робототехника, 3D модельдеу, киберспорт кабинеттері қарастырылған.

Айта кетейік, облыстың барлық медициналық ұйымында да медициналық ақпараттық жүйе енгізілген.

Тобыл-Торғай-ақпарат

Мынаны да қараңыз

«Әділдік және өркендеу» қоры жұмысы қарқынды

«Әділдік және өркендеу» қоғамдың қорының Қостанай облысындағы өкілдігі жұмысын қарқынды жүргізіп жатыр. «Әділдік және өркендеу» ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *