Әулиекөлде — жаңа әкім

Қостанай облысының Әулиекөл ауданына жаңа басшы келді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Қостанай облысының әкімі Арxимед Мұxамбетов Әулиекөл ауданының жаңа әкімін тағайындады. Жергілікті активке ауданның жаңа басшысы Асxат Қисықов таныстырылды. Ол бұған дейін Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Ал ауданның бұрынғы әкімі Жансұлтан Тәукенов облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы қызметіне ауысқан болатын.
Өңір басшысы жаңа әкімге жаңа міндеттерді жүктеді.

Асxат Қисықов 1979 жылы Жанкелдин ауданының Саға ауылында туған. 2000 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін агроном мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек өтілі Жанкелдин ауданының Милісай ауылында басталды. Ұзынкөл, Қарасу аудандары мен Ақмола облысының Атбасар ауданында түрлі қызметтерді атқарды.

tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *