Таспа

Федеров ауданы орталығына газ келді

Қостанай облысы Федоров ауданының орталығына көгілдір отын берілді. Село ішіндегі газ құбырларының өткен жылы басталған құрылысының бірінші кезегі аяқталды. Іс-шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, тұрғындарды құттықтады.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы аясында Федоров селосын газбен қамтамасыз етіп отырмыз. Осыдан екі жыл бұрын үлкен магистральды газ құбырының құрылысы аяқталған болатын. Рудный қаласынан басталған 68 шақырымдық құбыр Қашар кенті арқылы Федоров ауданына жеткізілді. Енді өткен жылы Федоров селосының ішіне құбырлар жүргізіле бастады. Мұның барлығы Президентіміздің қамқорлығы арқасында мүмкін болып отыр. Газ адамдар тұрмысын жақсартады, қуаныштарыңыз құтты болсын! Келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!» деді Архимед Мұхамбетов.
Айта кетейік, Федоров селосында келесі жылдың мамыр айында газ құбыры құрылысының екінші кезегі, ал күзге қарай үшінші кезегі толық аяқталатын болады.  Осылайша, елді мекеннің 3000 абонент, 12 мың адам көгілдір отынның игілігін көреді.

фото — egemen.kz
tobyl-torgai.kz

Мынаны да қараңыз

Ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы ауқымды мәселеге айналды — Амандық Әмірхамзин

Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуіне қатысушылар әр аймақтағы мәселелерді талқылады. Қостанай ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *