Қостанайлық шенеуніктер «Нұрлы жерді» бизнеске айналдырған

Мемлекет басшы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жер» бағдарламасын қостанайлық шенеуніктер бизнеске айналдырған деп жазады zhasalash.kz.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қарамағындағылардың дәл Президент бағдарламасын майшелпекке айналдырғаны жөн болмады. 

Шенеуніктер «Нұрлы жердің» тендерін 30 млн теңгеге сатқан. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі  Нұржан Жахиннің айтуынша, облыстық және қалалық әкімдік қызметкерлері 30 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған.

Күдіктілер  қылмыстық сxемамен жұмыс істеген. Олар — Қостанай қалалық Құрылыс бөлімі мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі Болат Жүнісов, облыстық Сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы Жасұлан Құланбаев. Олар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында кәсіпкерлерге заңсыз көмек көрсеткен.

Сот санкциясы бойынша Б.Жүнісов пен Ж.Құланбаев қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталып кеткен.

Мынаны да қараңыз

«Техникалық ақаулар»: Қазақстан қашан цифрлы елге айналады?

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы халықты жарылқап бітті ме?..  Фото: скриншот Біздің елде әлеуметке арналған өтінім ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *