Тіл комитеті назарына!

Қостанай облысы Білім басқармасына қарасты мектептер туралы қарап отырып, мынадай қызық жайтқа назар аудардым, облыста 454 мектеп бар болатын болса, сол мектептер орналасқан мынадай елді мекендер атаулары құдды Қазақстандағы емес, Ресей не Украинада жүргендей әсер береді екен.
Сонымен қатар, Қостанай облысында бірнеше Сарыкөл, Қарасу, Шилі, Убаган (Обаған) атты елді мекендер мен Тобыл атты ауыл мен қала да бар екен. Бір қызығы, біздің облыста Алтынсарин ауылынан (Ыбырай емес бірақ) басқа, Жамбыл, Абай атты ауылдар да бар. Ол түсінікті, дегенмен, Қостанай облысы аумағында Октябрьское, Лесное атауы бірнеше рет қайталанатын елді мекендердің орналасуы тіпті бұл салада жұмыс жүргізілмейтінінен хабар берер. Әрине, облыс аумағында Қарақалпақ, Қырғыз, Қожа, Төлеңгіт атты ауылдар да бар екен.
Дегенмен, облыстағы қазақтың белгілі тұлғаларының атындағы елді-мекендерге «о» не «а» әріптерін қосу не әдет екен, мысалы, Алтынсарино, Амангельда деп кете береді.
Енді, облыстағы мектептері бар елді-мекендердің атауларына тоқталайық:
1) Рудный қаласы төңірегі — Качар, Перцевка;
2) Алтынсарин ауданы — Большая Чураковка, Докучаева, Зуевка, Красный Кордон, Первомайское, Новоалексеевка, Свердловка, Силантьевка, Убаганское (Обаған, сәйкесінше орысшасы Обаган болуы тиіс), Щербаково, Приозерное, Воробьевка, Ново-Николаевка, Осиповка;
3) Әулиекөл ауданы – Диевка, Кушмурын (Құсмұрын, сәйкесінше орысшасы Кусмурын болуы керек қой), Москалевка, Новонежин, Калинин, Новоселовка, Октябрьское, Первомайское, Тимофеевка, Черниговка, Юльевка, Федосеевка, Лавреньтевка, Сосновка, Лесная;
4) Денисов ауданы – Аятское (дұрысы Аят болуы тиіс), Глебовка, Денисовка, Свердловка, Крымское, Перелески, Приреченка, Фрунзе, Покровка, Зааятское, Антоновка, Алчановка, Архангельское, Гришенка, Красноармейка, Досовка, Комаровка, Набережное, Окраинка;
5) Жітіқара ауданы – Тургеневка, Забеловка, Приречное, Милютинка, Пригородное, Степное, Тохтарово, Чайковское, Пригородное, Кусакан (Құсаққан екен қазақшасы);
6) Қамысты ауданы — Адаевка, Алтынсарино, Дружба, Клочково, Ливановка;
7) Қарабалық ауданы – Бурли, Лесное, Михайловка, Научное, Новотроицкое, Смирновка, Станционное, Тогузак (Тоғызақ, сонда дұрысы Тогызак болуы тиіс қой), Белоглинка, Надеждинка, Приречное, Святославка, Славенка, Веренка, Ворошиловка, Гурьяновское, Рыбкино;
8) Қарасу ауданы – Герцено, Степное, Амангельда, Целинное, Восток, Железнодорожное, Комсомольское, Кошевое, Койбагор (Қойбағар, сонда дұрысы Койбагар болуы тиіс), Люблинка, Симферополь, Новопавловка, Новосёловка, Жалгыскан (Жалғызхан, яғни, дұрысы Жалгызхан болуы тиіс), Октябрьское, Павловское, Ушаково, Панфилово, Прогресс, Челгаши, Ленино;
9) Қостанай ауданы – Алтынсарино, Александровка, Владимировка, им.И.Ф. Павлова, Ждановка, Заречное, Мичуринское, Московское, Надеждинка, Озерное, Половниковка, Садовое, Садчиковка, Октябрьское, Шеминовка, Шишкинка, Белозерка, Воскресеновка, Жуковка, Константиновка, Молокановка, Нечаевка, Сергеевка, Ульяновка, Сормовка, Кировка, Рыбное, Рязановка;
10) Меңдіқара ауданы – Боровское, Архиповка, Буденновка, Введенка, Молодежное, Каменскуральское, Красная Пресня, Михайловка, Первомайское, Сосна, Степановка, Алешинка, Борки, Загаринка, Кульчукай (Құлшықай, сондай орысшасы Кулшыкай болуы керек қой), Лесное, Туленгут (Төлеңгіт, сонда орысшасы Толенгут болуы тиіс қой), Ивановка;
11) Науырзым ауданы – Буревестник, Раздольное, Уленды (Өлеңді, сонда орысшасының дұрысы Оленды емес пе?);
12) Сарыкөл ауданы – Барвиновка, Весело-Подол, Комсомольское, Златоуст, Крыловка, Большие Дубравы, Севастополь, Тагильское, Тимирязевка, Урожайное, Маяк, Сорочинка;
13) Бейімбет Майлин ауданы – Асенкритовка, Береговое, Красносельск, Майское, Новоильиновка, Елизаветинка, Юбилейное, Апановка, Валерьяновка, Приозерное, Нагорное, Николевка, Притобольское, Щербиновка, Евгеновка, Набережное;
14) Ұзынкөл ауданы – Ряжское, Ершовка, Миролюбовка, Новопокровка, Пресногорьковка, Сокол, Троебратское, Убаган, Узунколь (Ұзынкөл, аудан аты мысалы орысша онда Узынколь болуы тиіс), Федоровка, Бауманское, Белоглинка, Кировское, Варваровка, Павловка;
15) Федоров ауданы – Федоровка, Банновка, Ленино, Костряковка, Придорожное, Успеновка, Вишневое, Мирное, Первомайское, Лесное, Чистый Чандак (Таза Шаңдақ екен атауы), Новошумное, Пешковка, Владыкинка, Копыченка, Курское, Кравцово, Калиновка, Жанахай (Жаңақой ма екен?), Александрополь, Большое;
16) Арқалық қаласы — Восточное, Матросово, Мирное, Молодёжное, Фурманово, Целинное, Родина.
Қысқаша айтқанда, облыстың екі ауданынан басқа барлық қалалары мен елді-мекендерінің көпшілігінде көрші ел атаулары самсам тұр. Оны айтасыз, Рудный қаласының басты даңғылы Ленин атында, бұл қалпымызбен әлі ұзақ жүретін сияқтымыз ғой.
Өңірдің тиісті сала басшылары тарихи атауы бар ауылдардың атауларына кісі есімін беруден қолдары босамай жүрген сияқты!

Мақала авторы — Амандық Әмірхамзин

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...